Жаңалықтар

Әлия Телебарисова тұрмысқа шықты

ашық дереккөзі

Әлия Телебарисова тұрмысқа шықты

 Қазақстандық көрермендерге “Жаужүрек мың бала”, “Ағайынды” атты фильмдер арқылы танылған актриса Әлия Әнуарбек(Телебарисова) тұрмысқа шықты. Маусым айында екі бірдей той өткізген актрисаның ұзату тойы 7-сі, ал 14-і үйлену тойы Алматының белді мейрамханаларында дүркіреп өтті. Актрисаның таңдаған жары – Азамат есімді заңгер жігіт. “Азамат мені өзінің азаматтығымен тәнті етті” деген Әлия өзінің бақытты екенін баршаға жариялады. Ұзату тойының 30 пайызы ғана қазақ тілінде, ал 70 пайызы орыс тілінде өткен. “Оскар” сыйлығын табыстау салтанаты стилінде өткен ұзату тойында қонақтар түрлі номинациялармен марапатталған. Тойда қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Ұзату және үйлену тойындағы суреттерді актрисаның өзі Instagram әлеуметтік желісі арқылы жариялады.