ТҮСІРІП АЛСА...
ТҮСІРІП АЛСА...
Ақтауда жұмыс орнында ұйықтап қалған бір қызды жұмыстан шығаратын болыпты. Кезек күткендер ол ұйықтап жатқан кезде таспаға түсіріп алған көрінеді. Қоғамдық пікірден қорыққан басшылық “Ол жай көмекші қызметкер еді. Ұйықтамаған, тек өзін жайсыз сезінген. Қан қысымы төмендеп кетіпті” деп ақталғанмен, оның бәрібір жұмыстан шығарылатынын айтқан. Мен айтам да, шіркін, анау лауазымы жоғары шенеуніктер арасындағы кейбір маубастарын да видеоға түсіріп алып, көпшіліктің талқысына салса деп. Ел мен халықтың тағдырына қатысты аса маңызды құжаттарды қабылдар кезде солардың кейбірі ұйықтап отырып қол қоя салатын сияқты көрінеді маған…