Жаңалықтар

Иран мен АҚШ ынтымақтастығы

ашық дереккөзі

Иран мен АҚШ ынтымақтастығы

 

Ирак толқуы тынбады. Күн сайын Ирактың шалғай аудандарында кішігірім қақтығыстар орын алып, жарылыстар жиі орын алуда. Зардап шеккен адамдар санында шек жоқ.

Ирактағы жағдайға бүкіл дүниежүзі елдерін алаңдатып отырғаны белгілі. Халықаралық қауымдастықтар бір ретін табар деген үміті де жоқ емес. Алайда Ирак астанасы – Бағдат қаласынан БҰҰ-нан бастап, басқа да халықаралық ұйымдар штаб-пәтерін көшіруде. Осыған қарап ұлттар лигасына айналған ұйымдардың не қажеті бар деп ойлайсың.

Ирактағы террорлық актілерді тоқтату туралы, оған бей-жай қарап отыра алмайтыны туралы АҚШ президенті Барак Обама, Иран президенті Хасан Роухани де айтқан болатын. Енді Иран мен АҚШ ынтымақтастығы терроризм мен экстремизге қарсы күреспек. Иран президенті Роуханидің сөзіне құлақ түрсек, егер АҚШ Ирак экстремистеріне қарсы операция бастаса, міндетті түрде қолдау көрсететінін қадап айтты.

Таяу Шығыс қауіпсіздігі атлантикалық кеңесі бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері Біләл Сааб: «Таяуда ғана болған тәліптерді ұстап тұрудағы американ-иран ынтымақтастығын еске алыңыздаршы. Осы серіктестікті нәтижелі деуге болады. Сондықтан бұл достықты ешқашан болмаған деу негізсіз. Ирак жағдайындағы тәуекел, әрине, жоғары. Алда үлкен проблемалар тұр. Шиеленіс тек ИГИЛ мүшелерінің бас көтеруі емес. Оның астарында үлкен бір аймақтың, тіпті Ирактың ішіндегі келіспеушіліктер жатыр», – деді.

ИТАР-ТАСС-тың таратқан хабарында, Америка президенті Барак Обама Бағдаттағы АҚШ елшілігі мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 275 жауынгерді аттандыру туралы хабарламаны Конгресске жолдаған көрінеді.