Жаңалықтар

Голландия құрамасы алға шықты

ашық дереккөзі

Голландия құрамасы алға шықты

 

Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. В тобындағы Голландия және Австралия құрамалары екінші айналымдағы кездесулерін өткізді. Бұл ойында Голландия Австралияны ұтты. Ойынның 20-минутында голландиялықтардың алғашқы голы қарсыластар қақпасына енді. Алғашқы голдың авторы – Арьен Роббен. Алғашқы голдан кейін, араға 1 минут салып Австралия құрамасы есепті теңестірді. Бірінші тайм тең есеппен аяқталды. Ойынның 54-минутында австралиялықтар алға шықты. Голландия құрамасының ойыншысы Дэрил Янмат айып алаңында доппен таласта қолымен ойнағандығы үшін төреші бірден пенальти белгіледі. Миле Единак тепкен доп Голландия қақпасынан табылды. Гол соғылды. Есеп 2:1. Австралиялықтар пайдасында. 3 минуттан кейін Роббен Ван Перси тепкен доп есепті қайта теңестірді. 68-минутта Мемфис Делай Голландия құрамасына жеңіс сыйлаған ойындағы соңғы голды соқты. Ойын нәтижесі 3:2. Бұл ойынның жеңімпазы – Голландия құрамасы.Ал австралиялықтар үшін әлем чемпионаты осы жерден тәмам.