ӘЛЕУМЕТТІ ОЙЛАҒАН АБЫРОЙСЫЗ БОЛМАС

ӘЛЕУМЕТТІ ОЙЛАҒАН АБЫРОЙСЫЗ БОЛМАС

ӘЛЕУМЕТТІ ОЙЛАҒАН  АБЫРОЙСЫЗ БОЛМАС
ашық дереккөзі

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жақында жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Бұл жолы әкім екі мектепке арнайы ат басын бұрып, одан соң аудандық ауруханаға бас сұқты.

Бурабайдағы көпсалалы ауданаралық ауруханада болған С.Кулагин емдеу мекемесінде шақалақтардың денсаулығын бақылауға арналған қосымша қондырғы сатып алу қажеттігін айтты. Бүгінгі күні аудандық ауруханада 137 түрлі ота жасалады екен.

Осы сапар барысында Бурабай­дағы тоғыз қираған үйді қалпына келтіру мәселесі де көтерілді. Бұл үйлерді қалпына келтіру үшін 90 миллион теңге қажет екен. 

Бұдан соң әкім жылу қазан­дықтарын жөндеу жұмыстарымен, су тазарту мен насос стансала­рының құрылысымен танысты. 

Әлеуметтік мәселелер облыс әкімі төрағалығымен өткен жиналыста да арнайы талқыланған болатын. Кеңеске әлеуметтік, экономикалық салаларды қадағалайтын облыстық басқарма басшылары түгел қатысты. Облыс әкімі аурухана, бала-бақша мен мектеп ғимараттарының келбеті мен оның айналасындағы көркейту-көгалдандыру жұмысына ерекше назар аудару қажеттігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, Сергей Кулагин әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге бөлінген қаржының уақытында игерілуіне жіті назар аудару қажеттігін тапсырды. Аудан, облыс орталығында жолдар құрылысының сапалы әрі уақытында пайдалануға берілуін бақылауда ұстауды тиісті сала басшыларына жүктеді. Жиын қортындысында облыс әкімі барлық сала басшыларына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмысты жандандыруды жүктеді. 

Көлбай ЖЕҢІС

Астана