Жаңалықтар

Бразилияда футбол чемпионатына қарсы акция өтті

ашық дереккөзі

Бразилияда футбол чемпионатына қарсы акция өтті

Бразилияның Куритиб қаласында 200-ден астам тұрғын елде футболдан әлем чемпионатының өткізілуіне наразылық білдірді. 16 маусымда Иран мен Нигерия құрама командалары арасында өтетін ойын алдында ереуілшілер жолдарды жауып, қоқыс жәшіктерін өртеп, жанкүйерлер отырған автобустардың қозғалысына кедергі жасады. Қала орталығында бетперделі азаматтар банктер мен дүкендердің терезелерін сындырды.  Шерушілерді тарату үшін полиция резеңке оқтар мен көзден жас ағызатын газ қолданып, 14 адамды ұстап әкетті. Сол күні Натал қаласында АҚШ пен Гана ойыншылары арасында матч басталар алдында жанкүйерлер АҚШ туын өртеп жіберген. Полиция қақтығыстардың  туындауына мүмкіндік бермеді