Жаңалықтар

Есімовке Мемлекеттік сыйлық беріле ме? Не үшін?

ашық дереккөзі

Есімовке Мемлекеттік сыйлық беріле ме? Не үшін?

 

Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті мәлімдеді. Басылым үміткерлердің әдебиет және музыка, театр жәнк кино, сондай-ақ бейнелеу өнері мен сәулет өнері бойынша үміткерлердің тізімін жариялаған. Соның ішінде Алматы метрополитені бойынша авторлардың басында Ахметжан Есімов және басқа да үміткерлер бар. Мұны ұсынушылар Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы.

Бұл сала бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдыған арналған тарихи-монументалды саябақ кешенінің де авторлары ұсынылып отыр. Бұл авторларды да Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы ұсынған.

Жалпы сыйлықты кімнің қанжығаға байлайтыны белгісіз. Десек те Алматы метросының 1988 жылдан бері салынып келе жатқаны белгілі. Сондай-ақ қашықтығы да ауыз толтырып айтуға келмейді. Қаншама автор, құрылысшы, мердігерлердің еңбегі сіңгені белгілі. Қаражаты да қазынадан ас та төк берілді. Бірақ жиырма жылдан астам салынған метроға айналдырған 4-5 адамның еңбегі сіңді деу қиын. Ал ару қаламыздың соңғы жылдардағы сиқы Сәулетшілер одағын толғандырмаса керек. Себебі должан бастап, коммуналды шаршуалықы, қала көшелері мен саябақтарының тозғаны алыстан-ақ көзге ұрып тұр. Тазалығын айтпаған күннің өзінде. Қыстың күнгі қардан тазаланбайтын жолдарды қайтпекпіз? Одан да осы кемшіліктер үшін жауап беретін адамды іздеп көрмедік пе? 

Ал әдебиет саласы бойынша Ғалым Жайлыбай «Тобылғыжарған», Өтеген Оралбаев «Қағбаның қарлығаштары», Гүлнар Салықбаева “Кешіріңдер келгенімді өмірге”, Қажығали Мұханбетқалиұлы “Тар кезең” романы бойынша ұсынылған. Ал музыка, театр және кино саласынан Кеңес Дүйсекеев 2009-2013 жылдардағы еңбегі үшін, сазгер Балнұр Қыдырбек «Реквием», Лаки Кесоглу «Песня – моя душа» концерті, Талғат Теменов «Ай-Қарагөз» еңбегімен ұсынылған.

Бұл тізімнің берілу себебі – комиссия ашық түрде халықтың пікірін тыңдамақшы. Сондықтан мемлекеттік сыйлыққа кімнің лайық екенін талдап, өз пікірін қалдыру үшін қалың жұртшылық назарына ұсынып отыр.