Жаңалықтар

Командалар екінші ойындарын бастап кетті

ашық дереккөзі

Командалар екінші ойындарын бастап кетті

 

В тобының соңғы кездесуі Испания мен Чили құрамалары арасында болды. Бұл ойында қазіргі әлем чемпионы Испания ойсырай жеңілді. Мұны күтпеген едік. Енді Испания келесі ойындарда бой көрсетпейді. Испания өз еліне бір емес екі Еуро Кубогін, Әлем чемпионатын ұтып берді. Ал биылғы чемпионатта Испания құрамасы мүлт кетті. Небәрі екінші ойыннан кейін қатардан шығып қалды. Испания футболшылары бұл ойында бірнеше мәрте қателікке бой алдырды. Осы олқылықтар Испанияны жеңіс жолынан шеттетті. Ал Чили құрамасы жақсы өнер көрсетіп келеді. Осыған дейін өткен Австралиямен өткен ойында Чили құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал екінші кездесуде Испанияны 2:0 есебімен айқын жеңді.

А тобының да екінші тур ойындары аяқталды. Соңғы ойында Хорватия және Камерун командалары кездесті. Алдыңғы ойында Бразилиядан жеңілген Хорватия бұл жолы Камерун құрамасын айқын басымдықпен жеңді. 4:0 есебімен жеңіліске ұшыраған Камерун құрамасында енді ешқандай мүмкіндік жоқ. Бұл топтан енді 1/8 финалға өту мүмкіндігі Камеруннан өзге Бразилия, Мексика, Хорватия құрамаларында бар. Хорватия құрамасы соңғы турда мексиканы жеңсе, жарысты ары қарай жалғастырады.

Топтық кезеңдегі екінші ойында Колумбия құрамасы Кот-д’Ивуар футболшыларымен кездесті. Ойын нәтижесі Колумбия құрамасының жеңісін көрсетті. Ойын есебі екінші таймның 64-минутында ашылды. Алғашқы голдың авторы – колумбиялық Джеймс Родригес. Родригес ашқан есепті Хуан Кинтеро еселеді. Есеп 2:0. Ивуарлықтардың алғашқы голын Жервиньо қақпаға енгізді. Колумбия мен Кот-д’Ивуар құрамаларының кездесуіндегі соңғы гол болды. Ойын нәтижесі 2:1 есебімен колумбиялықтар пайдасына шешілді. Колумбия құрамасы өздерінің екі ойынында да жеңіске жетті.

Уругвай және Англия футбол командалары арасында өткен ойында алғашқы команда жеңіс тұғырынан көрінді. Ойын есебін уругвайлық Луис Суарес ашты. Ағылшындар қақпасына тура бағытталған доп Уругвай құрамасына алғашқы ұпайды әкелді. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Ал екінші таймда англиялық Уэйн Руни есепті теңестірді. Бұл Рунидің әлем чемпионатындағы алғашқы голы. Осыдан кейін ағылшындар жігерлене бастады. Дегенмен Уругвай құрамасының ойыншысы Луис Суарес өзінің екінші голын ойын бітуіне 5 минут қалғанда қақпаға енгізді. Есеп 2:1. Жеңімпаз – Уругвай құрамасы.

Жапония мен Грекия құрамалары арасында өткен кездесуде есеп ашылмады. Қақпаға қарай бірнеше мәрте доп бағытталғанымен, қақпашылар гол салуға мүмкіндік бермеді. Бұл екі команда да алдыңғы ойындарында жеңіліс тапқан. Қос команда да қорғаныстарының мықты болуы нәтижесінде ойын соңына дейін есеп аштырмады. Ойын нәтижесі 0:0 болып жабылды.