Геннадий Головкин Мұхаммед Әли ізімен

Геннадий Головкин Мұхаммед Әли ізімен

Геннадий Головкин  Мұхаммед Әли ізімен
ашық дереккөзі

Геннадий Головкиннің рингтегі жеңістері әрбір қазақтың мақтанышы. Головкиннің Мұхаммед Әлиден кейінгі орынға жайғасуы да ғажап емес. Дүниежүзін дүр сілкіндерген қара нәсілді Кассиус Клей де жеңіліс көрмей, кәсіби рингте талайдың сағын сындырған. 

Генаның
бапкері Абель Санчес қазақстандық боксердің тарихта екінші Мұхамед Әли
болатынына кәміл сенімді.

«Геннадиймен
жұмыс жасай бастаған алғашқы үш айда мен тақтаға 12 сан жаздым. Ең біріншісіне
Мұхамед Әлиді жаздым. Ал екінші номердегі орынды бос қалдырдым. Одан кейін сол
кездері белсенділік танытқан Мейвезер, Пакьяоларды тізіп шықтым. Сосын мен
Геннадийге айттым: «Егер сені үш жыл үздіксіз жаттықтыруға мұрсат берсең,
Мұхамет Әлиден кейінгі орынды аласың. Сен әлемде орта салмақтағы ең мықты боксер
атанасың, және қарсылас табу қиын болады», – деген Санчес.

Санчес пен Генаның еңбегі зая кеткен жоқ. 32
жасар Геннадий Головкин WBA және IBO нұсқалары бойынша суперчемпион. Оның қанжығасындағы
29 кездесудің 26-сында ойынды жедел аяқтаған. Нью-Йорк қаласында 26 шілдеде
Геннадий өз титулын қорғайды. 20 мың адамдың Мэдисон сквер Гаден аренасында 33
жасар австралияық боксшы Дэниел Гилмен кездеседі. Бұл Генаның 30-шы кездесуі
болмақ.