Жаңалықтар

Жүкті әйелді қаққан безбүйрек

ашық дереккөзі

Жүкті әйелді қаққан безбүйрек

 

Көлігімен жүкті әйелді үш жасар ұлымен қағып түсіріп, қаша жөнелген безбүйрек жұмысынан босатылды. Көлікті мас күйінде жүргізген Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасының жетекшісі Бақыт Құрмашев бар болғаны қызметінен босатылыпты. Бұл қайғылы оқиға Алматы қаласында болды.

“Жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережесін бұзу”, “Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу” және “Қауіпте қалдыру” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ал әйелдің жамбасы мен қабырғасы сынған, ал бассүйегі сіңген баланың жағдайы ауыр, ес-түссіз жатыр.

23 маусым күні мас Lexus көлігінің жүргізушісі жүкті әйел мен баласын қағып кетеді. “Жүргізуші жол-көлік апаты болған жерге дәрігерлерді шақырып, әйел мен балаға алғашқы көмек көрсетудің орнына тар көшелердің біріне бұрылып кетіп, тығылып қалмақшы болған. Жол-көлік апатының 30 жастағы куәгері ерлік танытып, қашпақ болған кінәліні қуып жеткен. Куәгер әйел өзінің көлігімен кінәлі жүргізушінің алдын көлегейлеп тұрып алыпты. Медициналық сараптау нәтижесі жүргізушінің алкогольден орташа деңгейде мас болғанын анықтады”, – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасының бастығы Рустам Әбдірахманов. 

Соңғы кездері орын алған жол апаты, адам қағу сияқты оқиғалардың көпшілігіне лауазымды тұлғалардың қатысы бар. Ішіп алып, есіретіндер қаншама адамның өмірін қыршынынан қиды.