Президент сыйлығы қай журналиске беріледі?

Президент сыйлығы қай журналиске беріледі?

Президент сыйлығы қай журналиске беріледі?
ашық дереккөзі

Алда қолына қалам ұстаған тілшілер қауымының төл
мерекесі. www.oinet.kz cайтының мәліметіне сүйенсек, журналистерге арналған ең үлкен сыйлық – Президент сыйлығының
иегерлері де анықталып қойыпты. Марапаттау рәсімі 27 маусымға белгіленіп отыр.

Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы биылғы сыйлығы «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков пен
«КТК» телеарнасының Астана бөлімінің жетекшісі  Ярослав Красиенкоға
бұйырмақ. Сенімді ақпарат
көздерінің хабарлауынша, өткен аптадағы Қоғамдық комиссия осы екі журналиске
басым дауыс берген.  «Akorda.kz»  атының хабарлауынша, биыл қоғамдық
комиссия атына 57 ұсыным келіп түскен. Оның 48-і журналистерге, 9-ы
шығармашылық ұжымға тиесілі.
Және 42 ұсынымды баспасөз, 16 ұсынымды электронды БАҚ жолдаған.  Осы
еңбектерді сүзгіден өткізген қоғамдық комиссия БАҚ өкілдеріне Президенттің екі
сыйлығын тағайындау, екі грантын тапсыру және президенттің алғысын төрт
шығармашылық ұжымға жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс беру туралы бір
ауыздан қаулы еткен.