Шөлді кесіп өткен қазақ баласы

Бұған дейін Қытайдағы қандастарымыз «Зерде» деп аталатын
ұялы телефондарды нарыққа шығарғандығы туралы жазған едік. Енді аталған қазақша
смартфонды насихаттау үшін 21 жастағы Қуанақын Серікұлы есімді азамат Такла-Макан
шөлін жаяу жүріп өтті. Ол осы ісі үшін Гиннес рекордтар кітабына енді. Такла-Макан шөлі Қытай Халық Республикасында орналасқан  Сахарадан  кейінгі ірі құмды шөл. 2010 жылы Такла-Макан шөлін Қалибек Озатұлы есімді
азамат 238 сағат 51 минутта кесіп өткен. Ал Қуанақын Серікұлы 215 сағат 30
минутта Сахарадан кейінгі екінші ірі шөлді кесіп өтіп, рекордты жаңартты.
Сапарға демеушілік жасап, барлық шығынды көтерген – «Зерде» смартфонын жасаған
«Алтын сақа» компаниясы. 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button