Жаңалықтар

ЖОЛ САЛЫНБАҚ ӨТЕ ЖАЙЛЫ

ашық дереккөзі

ЖОЛ САЛЫНБАҚ ӨТЕ ЖАЙЛЫ

Бүгінгі күнге бұл жолда көлемі 3,5 млн. куб метр топырақ жұмыстары орындалды, 10 км бойында асфальт-бетоннан, 29 км бойында цемент-бетоннан жамылғының төменгі қабаты төселді.

Алматы-Талдықорған автожо­лы­ның жалпы ұзақтығы 245 км. Қазіргі уақытта жұмыстар жолдың өн бойында жүргізілуде. Құрылыс жұмыс­т­арына 9 мердігер компания тартылғанын атап өткен жөн. Жыл аяғына дейін 10 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

Автожол бойындағы жұмыстармен ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев танысып өтті. Сапар барысында ол кеңес өткізді. Вице-министр мердігерлік ұйымдар басшыларына жұмыс қарқынын арттыру, сонымен бірге учаскенің өн бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. 

Қайта салу жұмыстары аяқтал­ған­нан кейін, 2016 жылы «Алматы-Талдықорған» жолы төрт жолақ етіліп кеңейтіледі де, І техникалық категорияға жатқызылатын болады. 

Ж.Баққондыұлы