Бензин кетті шарықтап
Бензин кетті шарықтап
Оншақты күннен бергі жанармай тапшылығының соңы – ақыры оның қымбаттауына әкеп соқты. Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі ресейлік операторлардың қитұрқы саясатн қолдап, бензин бағасын шарықтатып жіберді.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың министрлік сайтында 21 тамыз күні жарияланған бұйрығы бойынша, енді дизель отынының бір литрінің бағасы – 115 теңгеден, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңгеден, АИ-92/93 маркалы бензин – 128 теңгеден аспауы керек.
Бұған дейін Алматыда дизель отынының литрі – 115 теңге, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңге, сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензині – 115 теңге, ал АИ-96 маркалы бензин 145 теңгеден болған.
Бірақ соңғы кездері жанармай құю бекеттерінде, әсіресе ресейлік бензин сатушыларда сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы сезіле бастаған.
Осы аптада АИ-95 маркалы бензин қымбаттап кеткен еді. Бұл бензиннің бір литрін Helios – 154 теңгеден, «Газпромнефть» – 153 теңгеден (кей бекеттерінде 163 теңгеден), «ҚазМұнайГаз» 150 теңгеден сатып жатыр.
Ал АИ-96 маркалы бензиннің бір литрі – 153 теңге. Сөйтіп “Түркістан” газетінің бұған дейін жасаған болжамы расқа айналды.