Парламент депутаттары Жириновскийге қарсы мәлімдеме жасады

Парламент депутаттары Жириновскийге қарсы мәлімдеме жасады

Парламент депутаттары Жириновскийге қарсы мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
 Аузына келгенді оттап, бүтіндей бір елдің тұтастығына шәк келтіріп жүрген Жириновскийдің былапыттары Парламент депутаттарының құлағына жетті-ау, әйтеуір.   Парламент Мәжілісінің депутаттары ресейлік саясаткер, Ресей мемлекеттік думасының спикері Владимир Жириновскийдің Қазақстанға қатысты соңғы мәлімдемесіне наразылық тудырып, нақты жауап беруін талап етті. Осындай мәлімдемені бұдан бұрын айту керек пе еді?! Соңғы жылдары Жириновский қазақтың ұлттығына, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі, шекара тұтастығына қатысты арандатушы пікірін ашық айтып жүрді. Мұны Ресей Думасы да, Сыртқы істер министрлігі де ерен санап, құлаққа ілмеді, яғни Қазақстаннан, қазақ халқынан кешірім сұраған жоқ. Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский “Ресей патшалығының қазақтарды жоңғарлардан құтқарып, Солтүстік Қазақстанды азат еткенін” мәлімдеген. Ресей Украина дағдарысы шешілмейінше, Қазақстанға мін таға алмайтынын айтып, “Әзірге күте тұрып, Украинамен мәселені шешіп алайық. Қазақстан – Кеден Одағының мүшесі. Бірақ онда да русофобтық көңіл-күй таратып жатыр. Қазақстандағы жаңа оқулықтарда ылғи орысқа қарсы көңіл-күй бар” деген болатын. Сондай-ақ “Ол (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтарда ешқашан мемлекеттілік болмаған” деген еді. Ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, Мәжіліс депутаты, “Ақжол” партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Жириновскийдің мемлекеттік дума депутаты екенін айтып, оның мәлімдемесіне байланысты “саяси баға берілуі қажет” екенін ескертті. Ал ұлт жанашырына айналып, халықтың мұңын шағатын аз ғана депутаттардың бірі Тұрсынбек Өмірзақов та бұл мәселеде шет қалмады. “Жириновский мемлекетте үлкен лауазымды атқаратындықтан мұндай жауапсыз мәлімдемелер жасай алмайды. Мұнысы үшін ол жазалануы тиіс” деді. Сенат  депутаты Ғани Қасымов Жириновскийдің сөзіне орай қоғамдағы наразылықты басу үшін оның мәлімдемесіне “кәсіби, саяси деңгейде баға беріліп, жауап қату” қажет деді. Депутаттар талабы әлсіз болса да, үн қосқан азаматтардың елдің келешегіне бейжай қарамайтынын аңғардық.