Жаңалықтар

Қомағай шенеунік асқа жаримын деп қызметінен айырылды

ашық дереккөзі

Қомағай шенеунік асқа жаримын деп қызметінен айырылды

 

Қостанай облысындағы Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Астанадағы ең қымбат мейрамханада тамақтанғаны үшін қызметінен қуылған. 60 жастағы Дәулетбай Құлманов небары бес күндегі ішіп-жегені 1 жарым миллион теңгеге жеткен.Әкім орынбасарының «Астанада Қостанайдың мәдениет күні мен ауыл шаруашлығы жәрмеңкесін» өткеруге келгендегі түрі екен. Жергілікті Мәдениет үйінің кассасынан алып кеткен 3 миллион  теңгені ортадан қақ бөліп, жартысын жоқ қылған. Кейін  Құлманов қаржы полициясының тексеруге келе жатқанын ести салысымен,  Астанадағы өзі ас ішкен мейрамханаларға хабарласып, жалған есеп-шот жасатады. Шенеуніктің бұл қулығы бірден әшкереленді. Бірақ, Құлмановқа қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Оның себебі, жоқ болған қаржы Дәулетбай Құлмановтың атына жазылмаған болып шықты. Алайда, аудан әкімі ашкөз орынбасарын облыстық тәртіптік кеңеске салып қызметтен қуды.Осындай оқиғалар аяғын суытпай жаңарып тұратыны дәстүрге айналып келеді.