Каримов қызын іздеуде
Каримов қызын іздеуде
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қызы Гулнара Каримоваға іздеу жарияланды. Әнші және модельер ретінде елге танылған Каримовтің қызы басқарған қылмыстық топ мемлекетке жүздеген миллион доллар шығын келтірген көрінеді. Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасы хабарлады. Қазір іздеуде жүрген Каримоваға қатысты қылмыстық іс тексерілә үстінде. Көршілес Өзбекстанның бас прокуратурасы таратқан мәлімдемеге сүйенсек, 2011-2013 жылдар аралығында Гулнара Каримова мен оның жақтастары қолдан төмендетілген бағамен мемлекеттік активтерді сатып алып, жалған құжаттар әзірлеген. Жоғарыда көрсетілген мемлекет бюджетіне келтірілген жүдеген миллион доллар шығын осы алаяқтықтың нәтижесі.
Қолға түскен Каримованың сыбайластары – Рустам Мадумаров пен Гаэнэ Авакян 10 және 9 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Алайда кейінірек аталған жаза мерзімі қысқартылды.
Айта кетейік, әке мен қыз арасындағы келіспеушіліктер 2013 жылы басталған болатын. Гулнара Каримова өткен жылдың шілдесінде Өзбекстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ретінде берілген дипломатиялық иммунитетінен айрылып, отбасымен қарым-қатынасы бұзылған болатын. Осы жағдайдан кейін ол әлеуметтік желілерде отбасына қатысты материалдар жариялап, жағдайды қиындатты. Одан кейін көктемде Каримова 16 жасар ауру қызымен бірге үйқамақта отырғандығын айтып шағымданған болатын.