ЖАҢА ТУЫНДЫ
ЖАҢА ТУЫНДЫ
Жазушы-журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалиннің жаңа кітабы жарық көрді. Қаламгердің «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қалам қанаты» деп аталатын туындысы үш бөлімнен тұрады.
«Тәуелсіздік туы берік қолда», «Жақсы жүрген жерінде із қалады», «Өрімтал дәурен өрнегі» деп аталатын бөлімдерге автордың Уақыт пен дәуір талабынан туындайтын міндеттерге сай жазылған көсемсөздік желілері, ой-толғамдары, эсселері топтастырылған.
Автор, әсіресе, ұрпақтар сабақтастығының алтын соқпағының қадір-қасиетін білу қажеттілігі хақында оқырмандармен ой бөліседі. Ағалар дәстүріне адалдық, отансүйгіштік пен елжандылық төңірегіндегі туындылары көзіқарақты оқырманның көкейіндегі ойды дөп басары сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Ж.Кенжалин деректі проза саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан қаламгердің бірі. Кезінде оның «Желкілдеп өскен құрақтай», «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз», «Ұлттық рухын ұлықтаған ұрпақпыз», «Ер Жәуке мінбегенмен алтын таққа» деп аталатын кітаптарын қалың оқырман қауым жылы қабылдаған болатын.
Индира Байсалбекова