Жаңалықтар

НАУҚАНШЫЛДЫҚҚА ҰЛАСПАСЫН

ашық дереккөзі

НАУҚАНШЫЛДЫҚҚА ҰЛАСПАСЫН

«Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды»-ның кері келе ме деп қорқып жүргенбіз. 23 жылдан бері егемен ел Қазақстанның Тәуелсіздік күні жылда Жаңа жылға дайындықпен, мереке алдындағы қарбаластың көлеңкесінде қалып қояды. Осы мәселе Мәжілісте көтерілді.

Қазақстандағы ұлттық мәні бар Ұлық мерекелердің Жаңа жыл көлеңкесінде қалатынын айтып, қазақ журналистері дабыл қағумен келеді бірнеше жылдан бері. Билік жақ селт еткен емес. Желтоқсан тумай жатып, «Жаңа жылдарыңызбен!» деп ел-жұрттан сүйінші сұрайтындар арасында мемлекеттік мекемелер де бар. Ұлттық құндылықтарға, тіл мен ділге аса басы ауырмайтын кейбір жекеменшік кәсіпкерлер туралы айту артық мұндайда. Дәл осы мәселені Қазақстан Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов көтерді. «Қазақстандағы Тәуелсіздік күні, Президент күні сияқты ұлық мерекелер Жаңа жылдың көлеңкесінде қалады», – деп кейіген депутат өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, Отаны мен отбасын сүюге үйретуде осындай маңызды мейрамдардың мәні зор екенін айтты.

«Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздік күнінің ерекше орны бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін оның құнын сезіну қажет. Бұл әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы. Қазіргі жас ұрпақ осы парызды қаншалықты сезінеді? Желтоқсан бастала салысымен, еліміздегі барлық қалаларда Жаңа жылды тойлауға жан-жақты дайындық басталады. Ал Жаңа жыл басталам дегенше біздің мемлекетіміз Тәуелсіздік күні, Қазақстанның Тұңғыш президенті күні сияқты мерекелерді атап өтеді. Алайда бұл мерекелер туралы құттықтауларды байқау мүмкін емес. Өйткені Жаңа жылдың көлеңкесінде қалады», – деп наразылық білдірген ол ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады.

Әлбетте, бұл елдің санасына кеңестік дәуірден әбден сіңіп кеткен мерекеден үзілді-кесілді бас тарту деген сөз емес: «Біз Жаңа жылдың тойлануына, қалалардың безендірілуіне қарсы емеспіз. Бірақ ұлық мерекелерді ұмытпауымыз керек», – деген Розақұл Халмұрадов Үкімет басшысынан министрліктер мен жергілікті атқарушы билік өкілдеріне Тәуелсіздікті насихаттайтын суреттер мен Елбасының портреттерін іліп, көшелерді безендіруді ұсынды. Жастарды патриоттыққа, елі мен жерін сүюге осылайша үндеу керектігін айтқан депутаттың сөзі көкейге қонымды. Тек КСРО кезіндегі КПСС көсемдерінің суреттерін көрінген жерге іліп, алаулатып, жалаулатқан асырасілтеушілікке, жеке басқа табынушылыққа және саяси науқаншылдыққа ұласып кетпесе игі. Өйткені Отанды сүю суреттерден емес, отбасынан басталады. Алдымен мемлекеттік және ұлттық идеологияны насихаттау арқылы Қазақстан азаматтарының бойындағы патриоттық сезімді күшейту керек. Ол үшін сырттан келетін Қазақстан саясатына, мемлекеттік ұстанымына қайшы ақпарат ағынын сүзгіден өткізіп, ұлттық тәрибеге бейімдеген