Жаңалықтар

«Gakku TV» халыққа жол тартты

ашық дереккөзі

«Gakku TV» халыққа жол тартты

Ақпарат ағыны тағы бір арнама орта толысты. Тек отандық өнімді ұсынатын «Gakku TV» телеарнасы іске қосылды, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Gakku TV» телеарнасының бас директоры Тимур Балымбетовтың айтуы бойынша, аталмыш телеарнада хабар қазақ және орыс тілдерінде таратылатын болады. Арнаның өзгелерден ерекшелігі тек отандық өнімді ұсынатындығымен тарихта тұңғыш телеарна атанбақ. Нақтырақ айтқанда, эфирінде отандық эстраданың бұрынғы өкілдері мен қазіргі заман өкілдерінің үздік жұмыстары шығатын болады. Аталмыш телеарнаның алға қойған мақсаты, жастар арасында патриоттықты қалыптастыру және мәдениетті ілгерілету.Сонымен қатар, тағы бір жақсы жаңалық, мәдени мақсатты көздеген телеарнаның басшылығы қазақстандық әртістерден ақша алмауды шешкендерін жеткізді.«Gakku TV» қазірдің өзінде Қазақстанның кабельдік желілері арқылы және «Отау ТВ» спутниктік желісі арқылы елімзге таратылуда. Телеарнаның жоспарында музыка индустриясының түрлі салалары туралы баяндайтын бағдарламалар топтамасын іске қосу да жоспарда бар.

  Алысы барда берісі бар қоғамда отандық телеарналар жеке бір төбе болып, шоғыр ала қоймағандығын білеміз. Тіпті, жабылып жатқандары да бар. Осы ретте отандық шығарылымның санын арттырамыз деп ұрандаған жаңа «Gakku TV» телеарнасының бағыты айқын, байламы берік боларына сенім білдіреміз.