АҚШ Қазақстанды неден сақтандырмақ?
АҚШ Қазақстанды неден сақтандырмақ?
Астана мен Вашингтон қарым-қатынастардың барлық салаларын қамтитын ҚР мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі. Бұл туралы биылғы жылдың 22 қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сұхбаттасты, деп хабарлайды BNews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Джон Керри Қазақстанның Орта Азия қауіпсіздігін нығайтуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады. «Сұхбаттастар екіжақты қатынастар күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер кешенін қарастырып, қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті. Қазақстан-америкалық қатынастардың энергетика, ядролық қару таратпау, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде өзара сенімді ықпалдастықтың берік негізінде құрылғаны атап өтілді. Кездесу барысында америкалық компаниялардың Қазақстанның энергетика секторын дамытудағы жетекші рөлі аталды, басқа салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің мол мүмкіндіктері туралы да айтылды», – делінген хабарламада. Е.Ыдырысов «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай республиканың экономикалық даму ахуалы мен болашағын сипаттап, Н.Ә.Назарбаев алға қойған дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру мақсатына жету АҚШ-пен және өзге шетел серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастыққа зор мүмкіндік тудырады деп атап өтті. Осы тұрғыда Е.Ыдырысов пен Дж. Керри Қазақстанның Дүниежүзі сауда ұйымына (ДСҰ) кіру бойынша келіссөздердің тезірек қорытындылауының маңыздылығын атап өтті. Сұхбаттастар, сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін, соның ішінде Орталық Азиядағы, Ауғанстандағы, Украинадағы және Иран ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды талқылады. Бұған қоса, Ұлы Жібек Жолын қайта жаңғырту жобалары шеңберінде көлік байланыстарын дамыту мәселелері қарастырылды. Е.Ыдырысов АҚШ мемлекеттік хатшысының тікелей қатысуымен қол жеткізілген Ауғанстандағы президент сайлауынан кейінгі жағдайды реттеу бойынша келісімді қолдап, Қазақстанның бұл елдегі тұрақтану үрдісіне одан әрі көмек көрсетуге дайындығын растады. Е.Ыдырысов Украинадағы шиелініс жағдайын биылғы жылы тамызда Минскідегі Саммит барысында қол жеткен келісімдерге және қыркүйекте қол қойылған Минск меморандумына сәйкес бейбіт жолмен реттелуін Астана қалайтындығын растады. ҚР СІМ басшысы Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы аясында орын алып жатқан келіссөздер үдерісіне, қажет болған жағдайда, жан-жақты көмек көрсетуді одан әрі жалғастыруға дайын екендігін атап өтті. Және тараптардың осыдан бұрын жария етілгендей биылғы жылы 24 қарашада келісімге келетіндігіне үміт білдірді. Дж. Керри өз кезегінде Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосып отырған үлесін, оның ішінде Ауғанстанды тұрақтандыру мәселесінде, және жалпы республиканың конструктивті және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалады. Мемлекеттік департамент басшысы АҚШ-тың елімізбен саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Мәлім болғандай, АҚШ қазақстандық экономикасының басты инвесторларының бірі болып табылады (26 млрд. доллардан астам), Казақстанда америкалықтардың қатысуымен 300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, ал 2013 жылдың қортындысы бойынша тауар айналымы 9%-ға артып, 2.8 млрд. Дж. Керри өз кезегінде Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосып отырған үлесін, оның ішінде Ауғанстанды тұрақтандыру мәселесінде, және жалпы республиканың конструктивті және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалады. Мемлекеттік департамент басшысы АҚШ-тың елімізбен саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Мәлім болғандай, АҚШ қазақстандық экономикасының басты инвесторларының бірі болып табылады (26 млрд. доллардан астам), Казақстанда америкалықтардың қатысуымен 300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, ал 2013 жылдың қортындысы бойынша тауар айналымы 9%-ға артып, 2.8 млрд. АҚШ долларын құрады.Америка Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуын қолдайды деп мәлімдегені турасында РИА Новости хабарлайды. АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, мемлекеттік хатшы Керри Қазақстанның түбінде Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болатынына нық сенім білдірді. Керри, сонымен бірге, “АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және оның әлемдік аренада қалыптасып келе жатқан көшбасшылық қасиеттерін қолдайды” деп мәлімдеді. Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қандай жайттың қауіп төндіруі мүмкін екенін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы нақтыламады.
Ерлан Ыдырысов пен Джон Керри аймақтық және ғаламдық мәселелерді шешудегі стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Екі ел арасындағы келіссөз барысында Орталық Азия, Ауғаныстан, Украина және де Ирандағы жағдайлар сөз етіліп, талқыланды. Оған қоса, байланыс және тасымал мәселелерін шешу жолдарына қатысты туындаған сұрақтарға жауап беріліп, Ұлы Жібек Жолы төңірегіндегі бірқатар мәселелерді қайта қарау ұсынылды. Кездесу Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының алаңында өтті.
Кездесу соңында Е. Ыдырысов Дж. Керриге өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар шегуге ресми шақыруды табыстап, жалпы америкалық тарапты Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылыған көрмеге қатысуға шақырды.