Халық емшілеріне жүгінген 3 жүкті әйел көз жұмды

Халық емшілеріне жүгінген 3 жүкті әйел көз жұмды

Халық емшілеріне жүгінген 3 жүкті әйел көз жұмды
ашық дереккөзі

Оңтүстік Қазақстан облысында тәуіптердің еміне жүгінген жүкті әйелдердің өлімі жиіледі. Жыл басынан бері халық емшілерінің кеңесіне құлақ түрген 3 әйел қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Өткен жылы тәуіптердің қарауына болып, ауруханаға ауыр халде жеткізілген 6 әйелдің бесеуі шаранасымен бірге көз жұмған. Ал осы жылы халық емшілерінің емін пайдаланып, өзі мен сәбиінің өмірін қатерге байлаған үш келіншектің екеуі бақилық болды. Болашақ аналарды өз сөзіне әбден иландырған тәуіптер ем үшін деп оларға тіпті жанармай ішкізген көрінеді. «Біз бензин ішкен ананы әрең дегенде аман алып қалдық. Тәуіп жүз грамның көлемінде бензин іш деген соң, жас ана сеніп іше салған. Сол келіншекті құтқарып, аман-есен алып қалу үшін облыстағы білікті дәрігердің бәрін жинадық. Келіншек бензин ішсе, токсикозды басады деген емшінің айтқанын бұлжытпай орындаған. Бұл дегенің өте қауіпті», – дейді ОҚО бас кординаторы Зияш Баянқызы.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік кезіндегі қауіпті кезеңдер басталғанда, тәуіпке баратын немесе туыстарының кеңесімен әр түрлі айла-шарғылар жасайтын тәуекелшіл әйелдер көбейген. Мәселен, өзін жайсыз сезінген жүкті келіншекке енесі итаяқтан ас ішуге кеңес берген. Иттің табағынан ас ішкен әйел көп ұзамай көз жұмыпты.