Жаңалықтар

"Бізде заманауи драматургия жоқ?!"

ашық дереккөзі

"Бізде заманауи драматургия жоқ?!"

“Жасыратыны жоқ, еліміздегі театрлардың директорлары өздерінің пьесаларын сатып алып, соны өздері басқарып отырған театрларда қойып жүр. Онысымен қоймай, өздері басты рөлдерде ойнайды. Мысалға алатын болсақ, аймақтарға гастрольдік сапармен баратын театрлардың афишасына үңіліп көріңіз. Репертуардағы қойылымдардың үштен бірі театр директорының пьесалары. Осыдан кейін сол директорлар «бізде заманауи драматургия жоқ» деп ренжиді», – дейді А.Мұхамедиұлы.

  Жуырда ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде қазақ драматургиясының дамуына кедергі келтіріп отығандар кімдер екенін ашып айтты. Мәселен,Дулат Исабековтың драматургиясы нағыз заман талабына сай драматургия дер едім дейді министр.  “Оның еңбектері Ресей, Ұлыбритания, Грузия, Чехия, Болгария театрларында қойылып жүр. Өкінішке қарай, Қазақстан театрлары Д.Исабековтың драматургиясын көрсетуге құлықты емес. Оның себебін жоғарыда айттым. Өзінің немесе таныстарының қойылымдарын тықпалайтын директорлар керемет туындылардың халыққа танылуына кедергі жасап отыр. Осыны ескеріп біз коллегиялық алқа құруды көздеп отырмыз. Бұл жерде әділдік болып, «репертуралық саясатты ретке келтіреміз» деген ойдамын», – деді министр.Тіпті басты ролдерде өз әйелдері ойнайды дегенді де жасырмады. “Республикамызда, өкінішке қарай, театр директоры мен көркемдік жетекші қызметін бір адам атқарып жүр, бұл – біздің кемшілігіміз. Сіздер түрлі пьесалар қойылатынын білесіздер, бұл жерде әрбір қызметке, әрбір лауазымға сауатты көзқарас қажет. Соның салдарынан кейбір қазақстандық театр басшылары қызмет жағдайын пайдаланып, қойылымдардың басты рольдеріне өз әйелдерін қойып жатады”, – деді. Аталған мәселелердің көпшілігі халыққа, әсіресе өнерпаз қауымға таныс дүние. Десе де театр өнерінің басқа да мәселелері жетерлік. мәселен, облыстарда орыс және қазақ қойылымдары бір тетарда қойылса, кейбір жерлерде тіпті тетар атымен жоқ.

  Еуропада ертеден ел қуанышына айналған театр өнерінің өрісі бүгінде тарылмаған. Қайта әлемге әйгілі театрлар билетін ай бұрын, күні бұрын сатып, әртістері пен өнерпаздарын театр сахнасынан-ақ әйгілеп отыр. Осыған қарап, еліміздегі еңсесі төмен, көпшіліктің көңілінен тыс қалған театр өнерін дамыту керектігі сөзсіз.