ДАИШ хакерлері АҚШ кадрларының құпия мәліметтерін жариялады

ДАИШ хакерлері АҚШ кадрларының құпия мәліметтерін жариялады

ДАИШ хакерлері АҚШ кадрларының құпия мәліметтерін жариялады
ашық дереккөзі

ДАИШ хакерлері АҚШ-тың мемлекеттік және қарулы күштерінің жүздеген қызметкері туралы ақпарат жариялап, содырларды соларға қарсы күресуге шақырды. Бұл туралы АҚШ телеарналарының біріне сілтеме жасаған «РИА Новости» хабарлады.

Ақпараттық жүйеге сұғын кіргендер Нью-Йорк және Нью-Джерси билігінің, ВВС, НАСА қызметкерлерінің аттарын, электронды пошталарын, құпия сөздері мен кредиттік карталары туралы мәліметтерге қол жеткізгендерін жариялады. "Біз бұл хабарлама туралы білеміз, бірақ біз оны растай алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз – қызметкерлердің қауіпсіздігі", - дейді АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі. Киберқауіпсіздікпен айналысатын Flashpoint IntelligenceКибер компаниясы қызметкерінің айтуынша, хакерлік шабуыл рас болса, онда ДАИШ ұйымы жеке шабуыл жасауға аса мән беріп, осы ақпараттарды көп ұзамай жариялайды.

Бұған дейін ДАИШ хакерлері Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын бұзғаны есте. Киберқылмыс жасаған адам сайтты бұзғаннан кейін оның бастапқы бетіне YouTube порталындағы мұсылмандардың уағызы айтылған бейнеролик жүктеген. Сонымен қатар, олар бастапқы бетке ИМ лаңкестік ұйымын қолдау мен "кінәсіз мұсылмандарды өлтіріп жатқан" АҚШ, Израиль және араб елдеріне қарсы күресу туралы мәтін қалдырған. Бүлікшілер ақпараттық кеңістікке шабуыл жасауды тоқтатпайтын тәрізді. Өйткені өздері жазған мәтіндерді неғұрлым көп адам оқуы үшін құзырлы органдар мен беделді ұйымдардың ақпараттық ресурстарын өз мүдделеріне пайдаланбақ.