Жаңалықтар

ШОҚАН ЗЕРТТЕГЕН ӨЛКЕДЕ

ашық дереккөзі

ШОҚАН ЗЕРТТЕГЕН ӨЛКЕДЕ

 «Әлмеректің бес баласы және Еділ-Жайық» кітабы – Әз-Тәуке хан тұсында өмір сүрген белгілі би Әлмерек және оның аңызға айналған бес ұлы мен олардың әйгілі ұрпақтары: Пұсырман, Саурық, Тазабек, Қожеке, Қашаған, Ұзақ, Бура молда, Әубәкір және Жақыпберді жайында тарихи эссе. Қазақтың киелі қарақонысы Қарқараны зерттеп, картаға түсірген Шоқанның осы өлкеге келіп, Әлмерек ұрпақтарына жолығуы мен жүздесулері жайында ой-толғау мен тосын этнографиялық таным және «Еділ-Жайық» махаббат хикаясынан тұрады. Әлмеректі пір тұтқан Дінмұхамед Қонаевтың ата-бабалары жайында баяндалады. Сондықтан қаламгер Ораз Қауғабайдың 2001 жылы «Қазақпарат» баспасынан шыққан бұл кітабы оқырмандар сұранысы бойынша толықтырылып, биыл екінші рет жарық көріп отыр. Демеушілік жасаған Дәулет Жайнақов.

 Индира Байсалбекова