КӘСІБИ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
КӘСІБИ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
2014 жылдың 22 қазанында Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Кәсіби сапарлар АСТС 2014 Abacus» халықаралық конференциясы өтеді. Орталық Азиядағы іссапарларға арналған ең ірі конференцияны туризм саласындағы шешімдердің ең әйгілі ұсынушысы – Abacus International компаниясы ұйымдастырып отыр. Жиын кәсіби туризм саласындағы ұсынушылар мен тұтынушылардың басын қоспақ. Кездесу барысында мамандар іссапар кезінде қауіпсіздікті орнату, шығындарды оптимизациялау және Орталық Азиядағы кәсіби туризмнің сапасын көтеру мәселелерін талқылайды. Конференцияның тақырыбы – іссапарлардағы қауіпсіздік және РИСК-менеджмент. Кәсіби туризм саласындағы ең ірі халықаралық компаниялардың спикерлері іссапарлар нарығының жай-күйін, қордаланған мәселелерді талқылап, тұтынушыларға жаңа әлемдік тенденцияларды таныстырмақ. ACTC 2014 конференциясына Jumeirah Hotels & Resorts премиум қонақүйлер жүйесі демеушілік етеді.
Анар ЛЕПЕСОВА