Ақорда үздік үштікке енді

Ақорда үздік үштікке енді

Ақорда үздік үштікке енді
ашық дереккөзі

Қазақстан Президентінің ресми резиденциясы – Ақорда әлем елдері президенттерінің ең үздік сарайлары қатарына енді. Ағылшындық Theestle.Net порталы әзірлеген тізімде Ақорда үшінші орынға жайғасқан.

Theestle.Net порталының рейтингіне сүйенсек, әлемдегі ең үздік президент сарайы АҚШ президентіне тиесілі екен. Вашингтондағы Ақ үй бастаған тізімнің екінші сатысында Тәжікстан президентінің Ұлт сарайы – Касри Миллат тұр. Ал үздік үштікті Қазақстан президентінің Ақордасы түйіндепті. Ағылшын сайты Астананың төрінде орналасқан Ақорда жайында былай деп жазады: «Ақорда үш жыл көлемінде салынып, 2004 жылы ресми түрде ашылды. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан сарайда Қазақстан  президенті мен президент әкімшілігінің қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл  президенттің тұрғылықты мекені емес. Ғимарат көк және алтын түсті   күмбезбен сәнделген. Ал мұнараның ұшар басына қыран құс бейнеленген».    Одан кейін портал рейтингі бойынша төртінші орынға Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Дабидегі президент сарайы орналасқан. Бесінші орында Түркменстан президентінің сарайы жайғасса, алтыншы орын Мәскеудегі Кремльге бұйырыпты.