Жаңалықтар

ҚАЗАҚША ПЕРНЕТАҚТА ҚАРЖЫҒА ЗӘРУ

ашық дереккөзі

ҚАЗАҚША ПЕРНЕТАҚТА ҚАРЖЫҒА ЗӘРУ

Қазақша пернетақтаның авторлары гаджеттерді елімізде өндіру үшін қаржы көздерін іздеп әлек. Жоба жетекшісі Медет Тұрғамбаевтың айтуынша, қазақша пернетақта аз ғана мөлшерде Қытайда өнідіріледі.

Тұрғамбаев 3 мыңға жуық пернетақтаның Қазақстандағы мектептерге таратылғанын жеткізді. Гаджет туралы пікірлердің 80 пайызы өнімді мақтап отыр. Жоба авторлары патент алу үшін құжат өткізіп те қойған. Егер өнімді патенттесе, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке өтініш беру арқылы олар гранттық қаржыландыруға қол жеткізе алады. «Біз Үкімет деңгейінде тапсырыс көздерін іздестіру үстіндеміз. Қазақстандағы мектептердің барлығын болашақта осы пернетақтамен жабдықтағымыз келеді», – дейді жоба жетекшісі. Гаджет авторлары өз өнімдерінің тек мектептерге ғана емес, еліміздегі ұлттық компанияларға да таратуға мүдделі. М.Тұрғамбаев пернетақтаны көп мөлшерде өндіру үшін жаңа құрал-жабдықтарға зәру екендіктерін жеткізді.

Қазақша пернетақтаның тұсаукесері өткеннен бері бұл гаджет бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бастапқыда арнайы қаріптер гаджеттің шеткі бөлігінде орналасса, қазір олар пернетақтаның ортасына орын ауыстырды. Сондай-ақ, мультимедиялық бағдарламаларды басқаруға арналған пернелер қосылды.