Жолақы құны арзандайды
Жолақы құны арзандайды
Қазақстанда жолаушылар тасымалымен айналысатын пойыздар қазанның 26-сынан бастап жүру уақытын қысқы кестеге ауыстыратыны мәлім болды. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Кестеде Астана-Қарағанды бағытына қатынайтын пойызды тәулігіне екі мәртеден үш мәртеге дейін, ал Астана-Бурабай шипажайы бағытына жүретін пойызды күніне бір мәртеден екі мәртеге ұзарту қарастырылған екен.
Екі күненн кейін, яғни 29 қазаннан бастап, №69/70 Алматы-2 –Защита (Өскемен), қазанның 28-інен №35/36 Алматы-2 – Шымкент бағытына тағы екі жүрдек пойыз қатынайтын болады. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Алматы–Защита (Өскемен) және Астана–Қызылорда бағытына қатынайтын екі жүрдек пойызды іске қосу жоспарланған.
Ал жолаушыларды қуантатын ең басты жаңалық – қарашаның 14-інен бастап “Тұлпар-Тальго” пойызына жолақы құны бірден 35 пайызға төмендетіледі.
Сондай-ақ, №69/70 Алматы-2 – Защита (Өскемен), №19/20 Астана – Атырау, №87/88 Ақтөбе – Астана, №79/80 Астана – Шымкент, №77/78 Алматы-2– Атырау, №49/50 Алматы-Ақтөбе, №35/36 Алматы-2 – Шымкент, №67/68 Астана – Защита (Өскемен), №89/90 Астана – Қызылорда бағытына қатынайтын пойыздарға да төмендетілген баға енгізілетін болады.