Жаңалықтар

Салық өсімінен сала өсе ме?

ашық дереккөзі

Салық өсімінен сала өсе ме?

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бастаған ақпараттық-насихаттау тобы Ақтөбеге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Делегация Мәртөк ауданындағы бірқатар ауылшаруашылық кәсіпорындарда болды. Ведомоство басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңесте тың мәлімдеме жасады.

– Өзгерістер ауылшаруашылығына салық салу саласында орын алмақ. Оның ішінде жер салығы 5 есеге артады, алайда көлік, мүлік салықтары тәрізді бірқатар салықтар алынып тасталады. Қоршаған ортаға қатысты эмиссия нөлге дейін төмендейді. Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін салық салмағы артпайды, – деді А. Мамытбеков.Ауыл шаруашылығы министрлігі ет, жүн және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес жүргізу де жолға қоймақ.

– Шаруа қожалықтары қосымша құн салықтарын төлемейді, олардың өнімін сатып алған өңдеуші кәсіпорын бұл салықты бүкіл айналымнан төлеуі тиіс. Енді өңдеуші кәсіпорын бүкіл қосымша құн салығын өзі төлеген жағдайда ол бюджеттен қайтарылып берілетін болады, – дейді министр.

Шаруа қожалықтарын сақтандыру бойынша да өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл мемлекет тарапынан қайта сақтандыру қорын құру арқылы жүзеге асады. А.Мамытбеков таяудағы жылдары ауыл шаруашылығының дамуына кедергі жасап отырған үш негізгі мәселені шешу айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті: жоғары қатерлер, төмен рентабельділік, төмен кепілдік базасы.