Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ҒАЛЫМЫН ӘЛЕМ ӘСПЕТТЕУДЕ

ашық дереккөзі

ҚАЗАҚ ҒАЛЫМЫН ӘЛЕМ ӘСПЕТТЕУДЕ

Таяуда Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия Ұлттық университетінде ара­­лығында «Астрофизика, грави­тация және космология» атты II халықаралық конференция­сы өтті. Бұл конференция Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлт­тық университеті «Жалпы­ және теориялық физика»­ ка­фед­расының меңгерушісі, профес­сор­ Рәтбай Мырзақұловтың 60 жыл­дығына арналып ұйым­дас­ты­рылды.Рәтбай Мырзақұлов – 1954 жылы дү­ниеге келген. 1979 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетін бітірген. 1981-1988 жылдар аралығында Біріккен Ядролық Зерттеулер институтының Есептеу техникасы және автоматизация лабороториясында (Дубна, Россия) ғылыми тәжірибе жинақтаушы ретінде, соңынан аспирант болып жұмыс істеді.Біріккен Ядролық Зерттеулер институтының аспирантурасын аяқтаған соң, 1988 жылы Мәскеудегі П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінде теориялық және математикалық физикадан кандидаттық қорғады. Ғылымдағы өз тақырыбын тереңдете зерттеген ол, араға он үш жыл салып, 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінде «Спиндік жүйелер және сызықтық емес физиканың көп өлшемді солитондық моделдерін зерттеудің дифференциалды-гео­мет­риялық тәсілдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Р.Мырзақұловтың еңбегі негізінде дүниеге келген маңызы өте зор теңдеулерге әлемдік дәрежедегі ғылыми орталарда «Мырзақұлов теңдеулері» («Myrzakulov equations») деген ат берілген. Ал үнді ғалымы Лакшмананмен бірігіп ұсынған теңдеуі «Лакшманан-Мырзақұлов теңдеуі» деп аталады. Қазір «Мырзақұлов теңдеулері» әлемде көптеген ғалымдар тарапынан өте белсенді түрде зерттелуде.Әлемдік ғылыми ортада ғалымдардың мәртебесін анықтайтын h-индекс немесе Хирша индексі – (2005 жылы Сан-Диегодағы Калифорния университетінің физигі Хорке Хирша тарапынан ұсынылған ғылымиметриялық көрсеткіш) бойынша Рәтбай Мырзақұловтың дәрежесі 24-ке 18. Сондықтан ғылым әлемінде осындай беделге ие қазақ ғалымын 60 жасқа толуын әлемдік ғылыми орта арнайы белгілеп, оның шығармашылық жетістіктеріне арналған ғылыми-теориялық конференция өткізуге шешім қабылдаған. Және бір айта кететін нәрсе, алдағы беделді шетелдік бір импакт-факторлы журналдың бір нөмірі толығымен қазақ ғалымы Рәтбай Мырзақұлов шығармашылығына арналмақ.Конференцияда алыс-жақын шетелдерден келген белгілі ғалымдар – Калифорния мемлекеттік университетінің профессоры Д.Синглетон (Фресно, АҚШ), теориялық физика орталығының директоры, профессор М.Сами (Нью Дели, Үндістан), ғарыштық зерттеулер институтының профессоры С.Д.Одинцов (Барселона, Испания), Томск мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры, профессор К.А.Осетрин, Тренто университетінің профессоры Л.Себастиани (Тренто, Италия) және т.б. баяндама жасады.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ