Әмбебап полицияға көңіліңіз тола ма?
Әмбебап полицияға көңіліңіз тола ма?
Ал патрульдік полицияны көпшілік тұрғын үй аулаларынан көре қалса, бірден қылмыс жасалды ма деген үрейге шомады. Неліктен? Себебі жол патрульдік полицияның себепсіз келе бермейтіне жұрт үйренген. Үнемі қайғылы оқиға орын алғанан кейін ғана шақырумен жетіп келеді. Полиция тұрғындарға жеке бас амандығы мен қауіпті жайттардың алдын алуға қатысты ескертулерді айтып жүргетін сәттерін сирек кездестіреміз. Тіптен, кейібір азаматтарға мүлдем жолықпаған да шығар..
Қазақстандық жол полциясы мен патрульдік полиция біріктілген еді. Алайда, қазақтың әмбебап полицейлері “әмбебап” болудың сырын әлі білмей жүрген сыңайлы.
Осы арада, жол мен тәртіп сашқыларын біріктіру қаншалықты тимді нәтиже берді деген сауалға мардымды жауап жоқ. Дегенмен, әлемдік дамған елдердің тәжірибесі сақшыларды жол, әлеумет деп бөле жармай, біріктірілген полиция ретінде ұстаудан оң нәтиже көріп отыр. Мысалы, Нью-Йорк қаласында 2011 жылы 34 500 полицей аттестациядан өтсе, қосымша қызметте 4500, мектеп қаіпсіздігін қорғау қызметінде 5000, ал жол ережесін қадағалайтын 370 инспектор болған. Нью-Йоркте 1 полицейге 240 тұрғыннан келеді екен. Осындайда американдық блокбастерлер еріксіз еске түседі. Қала қылмыскерлерін қырып-жойып, әділдік орнатуға талпынған ержүрек сақшылардың басшылыққа бағынып, кейде тіпті қызметі төмендеп, жол ережесін қадағалау қызметіне жіберілетіні біздің қоғам үшін күлкілі. Себебі жол полициясы қазақстанда беделді қызмет саналады. Бұған отандық жүргізушілердің заңдық жауапкершіліктен жалтарып ақша ұсынатындығы мен полиция қызметіндегі еңбекақының әдеттегі қызмет жалақысынан гөрі жоғары болғатындығы себеп болса керек.
Алматылық әмбебап полицейлер бір жылда 5 мыңнан аса қылмыстың бетін ашқан екен. 2013 жылмен салыстырғанда жол патрульдік полициясының жұмыс істеу көрсеткіші 12 пайызға артыпты. Бір күнде Алматы қаласының көшелеріне 120 патрульдік көлік шығады. Көпшілігі шақырту бойынша жұмыс жасайды. Бірақ алып шаһардағы жол қозғалысын реттеу мен тыныштықты қадағалау үшін жеткілікті емес екендігі байқалады.
Елімізде алғашқы әмбебап полицейлер Павлодар мен Жамбыл облыстарында қызметтік сынақтан өткізілді. Тәжірибе оң нәтиже берген деп есептеген мнистрлік Алматы қаласында да осы жүйені енгізді. Бірақ, қаладғы тәртіпті қайдам, көшедегі көлік қозғалысының реттелмей жататыны, ұзын сонар кептелісітің тармауы әмбебап поиция деген әлемі атаудың әлі күнге толық үдесінен шықпай жатқандығын жиы сездіреді. Оқырман, Сіз не дейсіз?