Жаңалықтар

ҚҰЛДЫРАҒАН РУБЛЬ, ҚАПАЛЫ ИНВЕСТОР

ашық дереккөзі

ҚҰЛДЫРАҒАН РУБЛЬ, ҚАПАЛЫ ИНВЕСТОР

Жыл басынан бері рубльдің бағамы долларға шаққанда 30 пайызға, ал еуроға шаққанда 20 пайызға құлдыраған. Қазір Ресей Орталық банкі рубльді тұрақтандыру керек пе, жоқ па деген мәселе төңірегінде бас қатырып отыр. Әйтсе де, егер рубль бағамы 50 пайызға дейін құлдыраса, валюта курсын қолдап реттеуге тура келетіні айдан анық.Экономика мен саясаттың, оның ішінде геосаясаттың ымы-жымы бір екені осы жолы да дәлелденді. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі, Еуроодақ пен АҚШ бастаған елдердің экономикалық санкциялары ресейлік нарықтағы жағдайды шатқаяқтатып жіберді. Ресейлік экономистер үшін ең үлкен қынжылыс – бүгінгі саяси-экономикалық ауыртпашылықтар елдің инвестициялық имиджіне ойсырата нұқсан келтірді. Қазіргі қаржылық қиындықтардан аман-есен өткен күнде, алдағы уақытта шетелдік қаржыны қайырып әкелу оңайға соқпас. Оның үстіне, соңғы жылдары Ресейдің өзінен сыртқа кететін қаржы ағыны күшейе түскен.  Ал Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялар күшін жоюға асығар емес. Бұл мәселе келесі жылы наурыз айында ғана талқыға түсуі мүмкін. Бұл батыстық экономикалық санкциялар келесі жылдың еншісіне көшеді деген сөз.  Ресей мен Украина арасындағы газ дауы шешімін тапқан күннің өзінде суыған көңілді жібітуге бұл аздық етеді. Кремль қанша бұлталақтағанымен, халықаралық қауымдастықпен қырғи-қабақ болудың кері ықпалын анық сезіне бастады.  Оның үстіне, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең төменгі шекке дейін арзандады. Ресейлік мұнай өндіруші компаниялар онсыз да батыстық технологиялар мен капиталға қойылған шектеудің кесірінен зардап шегіп отыр. Олардың жұмысы ақсаса, ресейлік мұнай экспорты көлемі азайып кетуі ықтимал. Кейбір деректерге қарағанда, Орталық банк қазан айының басынан бері рубль курсын әупірімдеп ұстап тұруға 10 миллиард доллар бөлген көрінеді. Бұған дейінгі белгілі деректерге жүгінсек, 2008-2009 жылдарындағы қаржылық дағдарыстан соң Ресей Орталық банкі осы мақсатта бес айда 200 миллиард доллар жұмсаған.  Президент Путиннің кеңесшісі Сергей Глазьев инфляцияны ауыздықтау үшін валюта курсын белгілі бір деңгейде нақтылап, ұстап тұруды ұсынса да, қаржыгерлер мұндай тәуекелге баруға дайын емес.  Бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин ұлттық валюта курсын жасанды түрде бір деңгейде ұстап тұру елдің алтын-валюта қорының азаюына әсер етеді деп санайды.  Қазіргі қаржы министрі Антон Силуанов мұнай бағасы арзандап, елдегі қаражат сыртқа кетіп жатқанда, рубльдің бағамын қолдан жасауға болмайтынын айтады. «Қазіргі жағдайда курсты өз еркіне жіберу керек, бұл Орталық банктің өз алтын-валюта қорынан айрылып қалмауы үшін қажет»,− деді ол. Кремльдік сарапшылар әлі де жұртшы­лық­ты сабасына түсіруге тырысып бағуда. Олар валютаның девальвациясы инфля­ция­ға ұласпайды деген пікір айтуда. Инфля­цияның ресми көрсеткіші әзірге 9 пайыздан­ ас­пайды. Бірақ инфляциядан үш-төрт есе құлдыраған валюта бағамы ресейлік эконо­ми­каның дамуына тежегіш болатыны онсыз да түсінікті. Ресейлік қаржыгерлердің ендігі міндеті бір сарынды инфляция мен ұлттық валютаның құлдырауы жағдайында экономикалық өсімді сақтап қалу.  Ал кейбір басылымдар «Рубль бағамы бұдан әрі құлдыраса, орыс қоғамы қайтадан бас көтеріп, тағы шеру жасай ма?» деген сұраққа жауап іздей бастады. Бірақ бұл әзірге риторикалық сұрақ күйінде қалып отыр.  Ал Ресей Орталық банкі, шамасы, келесі жылдың басында рубльдің курсын еркіне жіберуге мәжбүр болмақ. АстанаЭкономика мен саясаттың, оның ішінде геосаясаттың ымы-жымы бір екені осы жолы да дәлелденді. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі, Еуроодақ пен АҚШ бастаған елдердің экономикалық санкциялары ресейлік нарықтағы жағдайды шатқаяқтатып жіберді. Ресейлік экономистер үшін ең үлкен қынжылыс – бүгінгі саяси-экономикалық ауыртпашылықтар елдің инвестициялық имиджіне ойсырата нұқсан келтірді. Қазіргі қаржылық қиындықтардан аман-есен өткен күнде, алдағы уақытта шетелдік қаржыны қайырып әкелу оңайға соқпас. Оның үстіне, соңғы жылдары Ресейдің өзінен сыртқа кететін қаржы ағыны күшейе түскен.  Ал Еуроодақ Ресейге қатысты санкциялар күшін жоюға асығар емес. Бұл мәселе келесі жылы наурыз айында ғана талқыға түсуі мүмкін. Бұл батыстық экономикалық санкциялар келесі жылдың еншісіне көшеді деген сөз.  Ресей мен Украина арасындағы газ дауы шешімін тапқан күннің өзінде суыған көңілді жібітуге бұл аздық етеді. Кремль қанша бұлталақтағанымен, халықаралық қауымдастықпен қырғи-қабақ болудың кері ықпалын анық сезіне бастады.  Оның үстіне, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең төменгі шекке дейін арзандады. Ресейлік мұнай өндіруші компаниялар онсыз да батыстық технологиялар мен капиталға қойылған шектеудің кесірінен зардап шегіп отыр. Олардың жұмысы ақсаса, ресейлік мұнай экспорты көлемі азайып кетуі ықтимал. Кейбір деректерге қарағанда, Орталық банк қазан айының басынан бері рубль курсын әупірімдеп ұстап тұруға 10 миллиард доллар бөлген көрінеді. Бұған дейінгі белгілі деректерге жүгінсек, 2008-2009 жылдарындағы қаржылық дағдарыстан соң Ресей Орталық банкі осы мақсатта бес айда 200 миллиард доллар жұмсаған.  Президент Путиннің кеңесшісі Сергей Глазьев инфляцияны ауыздықтау үшін валюта курсын белгілі бір деңгейде нақтылап, ұстап тұруды ұсынса да, қаржыгерлер мұндай тәуекелге баруға дайын емес.  Бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин ұлттық валюта курсын жасанды түрде бір деңгейде ұстап тұру елдің алтын-валюта қорының азаюына әсер етеді деп санайды.  Қазіргі қаржы министрі Антон Силуанов мұнай бағасы арзандап, елдегі қаражат сыртқа кетіп жатқанда, рубльдің бағамын қолдан жасауға болмайтынын айтады. «Қазіргі жағдайда курсты өз еркіне жіберу керек, бұл Орталық банктің өз алтын-валюта қорынан айрылып қалмауы үшін қажет»,− деді ол. Кремльдік сарапшылар әлі де жұртшы­лық­ты сабасына түсіруге тырысып бағуда. Олар валютаның девальвациясы инфля­ция­ға ұласпайды деген пікір айтуда. Инфля­цияның ресми көрсеткіші әзірге 9 пайыздан­ ас­пайды. Бірақ инфляциядан үш-төрт есе құлдыраған валюта бағамы ресейлік эконо­ми­каның дамуына тежегіш болатыны онсыз да түсінікті. Ресейлік қаржыгерлердің ендігі міндеті бір сарынды инфляция мен ұлттық валютаның құлдырауы жағдайында экономикалық өсімді сақтап қалу.  Ал кейбір басылымдар «Рубль бағамы бұдан әрі құлдыраса, орыс қоғамы қайтадан бас көтеріп, тағы шеру жасай ма?» деген сұраққа жауап іздей бастады. Бірақ бұл әзірге риторикалық сұрақ күйінде қалып отыр.  Ал Ресей Орталық банкі, шамасы, келесі жылдың басында рубльдің курсын еркіне жіберуге мәжбүр болмақ. Гүлбиғаш ОМАР. Астана