Жаңалықтар

"Инватакси" жолға шықты

ашық дереккөзі

"Инватакси" жолға шықты

Ақтау қаласында еліміздің барлық аймақтарына үлгі боларлық игі бастама қолға алынды. Қалададағы мүмкіндігі шектеулі адамдар енді тегін такси қызметіне жүгіне алады.

Мүгедектерге мұндай көмек көрсетуге бастамашыл болған – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Автокөлік мүмкіндігі шектеулі адамдарды банк, аурухана, кез келген мемлекеттік мекеме мен мәдени шараларға тегін жеткізетін болады. Тек машинаға бір тәулік бұрын тапсырыс беру қажет екен.

Арнайы автокөлік I, II топтағы арбадағы мүгедектер мен тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедек балаларды тасымалдайтын болады. Такси үйге дейін шақырылады, қажет болған жағдайда көмекшінің де қызметі ұсынылмақ. «Инватакси» деп аталатын автокөлік тек Ақтауда ғана емес, Қазақстанның барлық қалаларында пайдалануға беріліп, көмекке зәру жандарға қызмет көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді.