ҚАЗАҚСТАН КӨЛІК ЭКСПОРТТАУДА БӘСЕҢДІК ТАНЫТЫП ОТЫР
ҚАЗАҚСТАН КӨЛІК ЭКСПОРТТАУДА БӘСЕҢДІК ТАНЫТЫП ОТЫР
Елімізге осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Ресейден 192 мың жеңіл көлік әкелген. Жалпы импортталған көліктерге кеткен қаржы 788 млн долларды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Еуразия экономикалық комиссиясы келтірген мәліметке сай, Қазақстан Ресейге құны 36 мың доллар тұратын бір ғана көлік экспорттаған. Ескеретін тағы бір жайт, 8 айда елімізге Беларусь елінен 1 мың 300-дей темір тұлпар жеткізілген.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан 2020 жылға қарай теріскей көршімізге жылына 100 мыңдай көлікті экспорттайды деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, вице-премьер бұған дейін Ресейдің “Жигулиі” мен “Волгасын” алып келген Қазақстан ендігі жерде өзінің Skoda, Nissan, Toyota сынды темір тұлпарларын сыртқы нарыққа шығаруға ниетті екенін де айтқан болатын.
Біздегі Ресейге экспортталған көліктің саны аз болса да, сапасы мықты деп айту қисынсыз. Бір ғана көлікті сыртқа шығаруға шамасы келген біздің елдің алдағы жылы бұл санды ондыққа іліндіруды қолға алуы қажет.
Десе де, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 61,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұндай мәліметтерді ҚР Ұлттық банкі ҚР төлем теңгерімі бойынша есебінде жарияланған.
ҚР Ұлттық банкі мәлеметтеріне сәйкес, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында төлем теңгерімінің санаты бойынша сыртқы сауда айналымы 61,8 млрд АҚШ долларын құрады. Нәтижелер өткен жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштен шамамен 5,2 млрд АҚШ долларына аз болып шыққан.
Еркежан ЖҰМАТАЙ