Сәрсенбі, 5 Қазан, 2022

АҚШ Ресейден Сириядағы бейбіт тұрғындарды қыруын доғаруды талап етті

АҚШ Ресейден Сириядағы бейбіт тұрғындарды қыруын доғаруды талап етті. АҚШ сириялық Зардан ауылында 44 бейбіт тұрғынның, соның ішінде алты баланың өлімі үшін әуе соққыларын жасаған Ресейді айыптады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Хизер Науэрттің твиттердегі жазбасында айтылды.

АҚШ «Сирия халқымен, үкімет құрбандары мен олардың жақтастарымен бірге» Ресейді бейбіт тұрғындарды қыруын доғаруға шақырады, делінген Науэрт хабарламасында.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Сирияның шығысындағы Иблиб провинциясында орналасқан Зардана ауылына жасалған соққыға алаңдаушылық білдірген. 8 маусымға қараған түні жасалған әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза тапты.

Адам құқықтарын қорғаушылар да бұл әуе шабуылы үшін Ресейді айыптады. Conflict Intelligence team (CIT) зерттеу тобының хабарлауынша, қырықтан астам адам қаза тапқан Зардана ауылына әуе соққысы жасалған уақытта әуеде Ресей ұшақтары ұшып жүрген.

 

Heather Nauert

✔@statedeptspox

We’ve seen reports of 44 Syrians, including 6 children, killed in a Russian airstrike on Zardana. We stand with the Syrian people, victims of their government and its supporters, and call on #Russia to end the senseless killing of civilians in #Syria. #SyriaConflict

22:02 – 14 июн. 2018 г.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button