Астана – тәуелсіздігіміздің бойтұмары
Астана – тәуелсіздігіміздің бойтұмары
Алматы қаласындағы №4 кітапханада Астананың 20 жылдығына орай «Айқын» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист Нұртөре Жүсіппен кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Елорданың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі мен атқарылған ауқымды істерін жастарға және қала тұрғындарына жеткізу. Кешегі мен бүгінін салыстыра отырып, сараптама жасау. Кездесуге ақын, Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов атындағы мұражай директоры Әділғазы Қайырбек, Алматы ғарышы құқықтық технологиялық колледж оқытушылары Клычнязова Гүлнар, Бөлекбаева Назгүл және студенттер, жас бүлдіршіндер қатысты.