Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

"Текетеріс" кинотуындысы жоғары бағаға ие болды

«Текетірес» кинотуындысы Қытайдағы Циндао қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальда жоғары бағаға ие болды. 

        «Қазақстан»  телерадиокорпорациясының   «Текетірес» кинотуындысы Қытайдағы Циндао қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальда жоғары бағаға ие болды. Бүгін,  15 маусым күні Қытайдың  ең ауқымды «CCTV 6» телеарнасы мен «Қазақстан»  телерадиокорпорация арасында «Текетірес»  фильмін Қытай аумағында көрсету үшін келісімге қол қойылды. Фильм желісі бойынша ҰҚК майоры Рахметов әр түрлі уақытта, әр түрлі аймақтарда террористік әрекет ұйымдастырған экстремистік топтардың ізіне түседі. Бұл оқиғада Қазақстанның ірі қалалары ғана емес Рахметовтің өз жанұясына да қауіп төнеді.

         Тергеу жұмыстары барысында бұл әрекеттердің артында халықаралық террористер тұруы мүмкін деген тұжырымға келеді. Нәтижесінде «Халифат сарбаздарын» жеңу мақсатында  Қазақстанда аумағында ғана емес, шет мемлекеттерге де аттанады. Фильм шынайы оқиғалар негізінде түсірілген.

Back to top button