14 Маусым, 23:12 528 0 Спорт Арман Құдайберген

ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ ҺӘМ ТЕҢБІЛ ДОП

Бүгін футболдан XXI-ші Әлем чемпионаты басталады. Әлемнің үздік деп танылған 32 командасы төртқұрлықтың басты жүлдесін сарапқа салмақ. Бүкіл әлем көз тіккен байрақты бәсеке 14 маусым – 15 шілде аралығында Ресей Федерациясының Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді. Алаң иелері Ресей мен Сауд Арабиясының ұлттық құрамаларыәлемдік футбол бәсекесінің шымылдығынбүгін, Астана уақытымен 21:00 де ашпақ.

«ЛУЖНИКИДЕ» БАСТАЛАР ТАРТЫС

Футбол тойының салтанатты ашылу рәсімі 14 маусым күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді. Астана уақытымен сағат 19:00 де басталатын ашылу рәсіміне ел президенті Владимир Путин қатысатын көрінеді. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев та құрметті қонақтар қатарында болмақ.Чемпионат тұмары ретінде қасқыр «Забивака» таңдап алынса, американдық әнші Джейсон Дерулоның «Colors» композициясы 21-ші әлем чемпионатының ресми әнұраны ретінде бекітілген еді. Ал ресми әнін американдық танымал актер, хип-хоп орындаушысы Уилл Смит пен Ники Джем, албандық орындаушы Эра Истерефи және американдық музыкант Дипло орындайтыны белгілі болды. Ресей аумағында өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатына арналған стадиондар салу мен күрделі жұмыстар жүргізуге қатысты мемлекеттік келісім шартқа 2014 жылдың 26 желтоқсанында қол қойылған. Бүгінде РФ 11 қаласында 12 стадион футболшыларды қабылдауға сақадай сай тұр. Олардың ішіндегі ең үлкені «Лужники» стадионы. Сыйымдылығы 81 000 адам. 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты мен финалдық бәсекесі осы алаңда өтетін болады.

Чемпиондық атақ үшін болатын ойынға жолдама алған 32 құрама 8 топқа 4 командадан бөлінген.Топтар арасында 48 матч өтпек. 30 маусым күні сәтсіздікке үшыраған 16 құрама ойыннан шығады, қалған 16 команда плей-оффқа көшеді. Әрмен қарай жанкүйерлер тартысқа толы 1/8 финалының ойындарын тамашалайды. Жоспарланған уақыт бойынша 1/8 финалының ойындары төрт күнге жалғасады. Ал ширек финалдың шешуші бәсекелері 3 шілдеде Санкт-Петербор мен Мәскеу қалаларында өтеді. Сегіз ойын жеңімпаз­дары ширек финалда жолығып, одан үздік шыққан екеуі 10 шілдеде Санкт-Петер­борда, тағы екеуі шілденің 11-і күні Ресей астанасында кесдеспек. 14 шілде күні біріншіліктің үшін­ші орны үшін тартыс басталады. Мұнда ширек финалда жеңілген қос құрама ойнайды. Ақтық сайыс шілденің 15-і күні, «Лужники» стадио­нында өтеді деп жоспарланған. 21-ші Әлем чемпионатыныңтарихи сәті,  21-ші әлем чемпионы дәл осы күні анықталмақ.

FIFA-ның шешімімен әлем чемпионатына жолдама алған 32 құрама сегіз топқа бөлінді дедік. Олардың ішінде «А» тобында өнер көрсететін Ресей құрамасы Әлем чемпионатының қожайыны ретінде ешқандай іріктеуге қатыспай-ақ жасыл алаңнан табылды. «А» тобында Ресеймен қарсылас Сауд Арабиясы, Египет пен Уругвай ұлттық құрамалары бар. Ал «В» тобынан Португалия, Испания, Марокко мен Иранның тартысты ойындарын тамашалауға болады. «С» тобын Франция мен Австралия, Перу мен Дания толықтырып отыр. «D» тобының сапында Аргентина, Исландия, Хорватия мен Нигерия ойқастамақ. Мамандардың алдын-ала болжамы бойынша, чемпион болуға басты үміткер Бразилия құрамасы. «E» тобында Бразилиямен бірге, Швейцария, Коста-Рика мен Сербия өнер көрсетеді. «F» тобында XX әлем чемпионатының жеңімпазы Германия құрамасы ойнайды. Неміс құрамасымен бақ таластыру мәртебесіне Мексика, Швеция және Корей Республикасы ие болды. Өткен чемпионаттың фавориті саналған Йоахим Левойыншыларынан осы додада да үміт күтетін жанкүйерлер қарасы қалың. Кезекті «G» тобында Бельгия, Панама, Тунис, Англия құрамалары бой көрсетпек. Соңғы «H» тобын Польша, Сенегал, Колумбия мен Жапония шеберлері түйіндеп отыр.

ӘРІКТЕУГЕ 208 КОМАНДА ҚАТЫСҚАН ЕДІ

Әу баста Әлем чемпионатына қатысуға ниет білдірген 208 команда жасыл алаңда қатаң іріктеуден өткені мәлім. Бұл рекордтық көрсеткіш. Мұндай жағдай бұрын-соңды әлем чемпионатының тарихында болмаған. Осы жолы ФИФА-ның барлық мүшелері қатысуға өтініш жасаған. Бутан, Гибралтар, Оңтүстік Судан және Косово командалары да іріктеуге қатысты. Әйтсе де, кіл мықтының арасынан суырылып шығып, чемпионатқа қатысу мүмкіндігін жұлып ала алмады. Тағы бір айта кетерлігі, 21-ші әлем біріншілігіне осыған дейін чемпион атағын иеленген сегіз команданың жетеуі қатысады.  Төрт дүркін әлем чемпионы, бірнеше мәрте финал мен жартылай финалда жұлдызы жарқыраған Италия құрамасы биыл мун­диальға келмейдіғ өкінішке қарай.1958 жылы өткен біріншілікте дәл осындай жағдай орын алған еді. Тарих қайталанады деген рас па, әлде кездейсоқтық па, араға алпыс жыл салып тарихи оқиға қайта орын алды. Италияның чемпионатқа қатыспауына  шведтер себепкер болды. Ашып айтсақ, өтпелі матчта Швеция құрама­сымен екі рет кездескен итальяндықтар алғашқы ойында бір ұпай айыр­масымен ұтылып, қарымта кездесуді тең аяқтады. Бұл жолғы әлем чемпионатында тарихи оқиғалар көп болайын деп тұрған тәрізді. Соның бірі – Исландия мен Панама құрама­сының үздіктер қатарына қосылуы. 2016 жылғы Еуропа чемпионатында жақсы ойын көрсетіп, исландиялықтар ширек финалға дейін жетті. Панамалықтар іріктеуден өтуді 1978 жылдан бері мақсат еткен. Осылайша, 2017 жылдың 11 қазанында ниетіне жетті. Бұл жаңалыққа ел президенті ерекше қуанып, сол күнді жалпыұлттық мереке етіп жариялағанынан хабардармыз.Әлем чемпионы атағынажалпы саны сегіз ел ие болса, тарқатып айтсақ, Бразилия бес рет, Италия мен Германия құрамаларытөртреттен чемпион атанды. Аргентина мен Уругвай – екідүркінжеңімпаз, Англия, Франция және Испания бірреттен чемпион деген атты еншілеген. Турнирдіөткізудіңқазіргі форматы 1998 жылданберіқолданыста. Бес біріншілікте бас жүлдедүбірлі доданы ұйымдастырушыныңбағынабұйырған. Осы жылы Ресей құрамасы жеңілдетілген жүйеде, еш іріктеу кезеңінсіз жарысқа жолдама алды. Ойыншылары тың. Не де болса әліптің артын бағу керек. Ал жеңіс кімге бұйыратынын айту уақыт еншісінде. Тағы бір айта кетер жайт, чемпион атағын қорғап, қатарынан «алтын» алған екі команда бар. Олар: Италия және Бразилия. Өткен чемпионатта, 2014 жылы кіл мықтының арасынан топ жарып шыққан Германия осы жолы да чемпиондық атақтан үмітті. «Неміс машинасы» деген атпен танымал құрама бір-екі жұлдыз ойыншыға емес, командалық ойынға арқа сүйейді. Десе де, футболда дәстүрлі алпауыт елдің ұлттық құрама сапындағы кез келген ойыншысының деңгейі өте жоғары.Әлем чемпионатының финалында көбіне немістер мен аргентина­лықтар жолығады. Олар өзара үш рет «алтынды» сарапқа салған. Аргентина 1986 жылы, Германия 1990 жылы және 2014 жылы жеңіске жетті.

МАЙЛЫ ЖІЛІКТІҢ ДӘМІНЕН ДӘМЕЛІЛЕР

Шын мәнінде футбол ойыны жалпыға ортақ, ең танымал, әлемде бірінші спорт түрі. Сондықтан бұл бәсекеде жеңістің жалауын желбіретуді қай ел болмасын мақсат қана емес, арман да етеді. Ал сол арманға шын сене алғандар ғана жетеді. Статистикалық мәліметтерге зер салдық. Небәрі сегіз ел ғана чемпион деген атты иеленіпті. Осы жолғы жиырма бірінші ғасырдың жиырма бірінші біріншілігінде ФИФА тыңнан тарлан қосар ма екен? Кім білсін?! Қатысып отырған отыз екінің жетеуі майлы жіліктің дәміне қанық. Қалған жиырма бесі дәмелі. Керегі чемпион аты, сол – кәделі.

Шетелдік спорт сарап­шыларының ойы сан саққа жүгірді. 2018 жылғы 21-ші әлем чемпионатында фаворит ретінде Германия құрамасы  көп ауызға ілігуде.Айтылып жатқан дәйек пен дерек сөзге дәлел – құра­маның қоржынында төрт «алтын», төрт «күміс», төрт «қола» бар. Еуропа бірін­шілігі мен Конфедерация кубогының үш «алтыны» да неміс құрамасының еншісінде. Бүгінгі таңда төрт біріншілікте де қатарынан жүлделі орын­дардан көрінген жалғыз команда. 2014 жылы чемпионатанды, 2010 және 2006 жылдары қола жүлде иеленсе, 2002 жылы күміс алған болатын. УЕФА мен ФИФА рейтингтерінде көш бастайды. Тағы бір мәрте неміс қоржыны алтынмен толыға ма, белгісіз. Бір анығы, топтан шығып, келесі кезеңге өтеді. Томас Мюллер, Тони Кроос, Месут Озил сынды үздік ойыншылар тоғысқан құраманың қарсыластары – Корея, Швеция және Мексика.«Неміс машинасы» мен Мексика құрамасыөз ара 11 рет ойын өткізген. Немістер соның бесеуінде жеңсе, бесеуін тең аяқтаған. Бір ойында ғана мексикалықтар басым түсіпті. Әлем чемпионатында 3 мәрте кездескен. Оның екеуінде Германия жеңсе, бір ойын тең аяқталған. Осы 11 ойында немістер 24 гол соғып, өз қақпасына 10 гол жіберіп алған.

Испания құрамасы да осы жолы «майлы жілікке» көз тігіп отыр. УЕФА рей­тингінде екінші, ФИФА-да – сегізінші орында. Бірнеше дүркін Еуропа чемпионы. 2010 жылы әлем чемпионы атағынақол жеткізген Испан құрамасы чемпиондық атаққа тым мастанды ма, кезекті біріншілікте топтан шыға алмай қалған еді. Оңай жаңғақ болмаса да, жеңуі тиіс болған Нидерландтар және Шотландия құрамаларынан же­ңілді. Осыдан соң қайта түлеп, стратегия­ларын сынға салып түзеп, құрамаға өзгеріс енгізді.

«Алтынның» дәмін сезген тағы бір құрама – Англия құрамасы. Қазіргізаманфутболыныңтүп-тамырыАнглиядантарайды. Бұлелдіңұлттыққұрамасы XIX ғасырдың 70-ші жылдарықұрылды. 150 жылдықтарихы бар.FIFA-ның мамыр айында жариялаған тізімінде Англия құрамасы 13-ші орында тұр.Исландия шеберлерінен өткен жылы жеңіліп, бас жат­тықтырушы Рой Ходжсон қызметінен бо­сатылған. Бүгінде құраманың бапкері – Гарет Саутгейт. Англия құрамасы Ресейге жолдама алу үшін «F» тобында Словакия, Шотландия, Словения, Литва, Мальта футболшыларымен бірге өнер көрсетті. 10 ойынның 8-ін жеңіп, қалған екеуінде тең түсті. Топта бірінші орын алып, Әлем чемпионатына жолдама алды. 18 гол соғып, 3 гол жіберіпалды.

ЖеңіскежетуіықтималкомандалардыңқатарындаФранция да бар. Еңалғашқы «алтынына» 1998 жылықолжеткізген. 2006 жылыфиналғашығып, «күміс» иеленді.

Бразилия, Германия жәнеАнглияныңбағзыданбергіқарсыласы–Аргентина құрамасы. ФИФА мен УЕФА-ныңүздікүштігінеенеді. Тағыбірайтакетерлігі, ФИФА-ныңбарлықчемпионат­тарында, яғниәлембіріншілігі, Олимпиада және Конфедерация кубогысындыжарыстардажеңімпаз болып танылған команда. Аргентинада атақ та, даңқ та жеткілікті. Ауыл балаларының мен «Аргентина ойыншысымын» деп теңбіл топты қуғанын талай көз көрді. Біріншілікте бірінші атануы мүмкін бірегей құрамалардың көшін бастап тұрғаны да сол.

Бразилия құрамасы. Бұл команданың бір ерекшелігі – барлық әлем бірін­шіліктеріне қатысқаны. Бес рет чемпион атанған. Ең соңғы рет жеңімпаз болғаны – 2002 жыл. Бразилия құрамасы 1930 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әр кезекті Әлем чемпионатының барлығына қатысқан бірден-бір құрама.Өкініштісі, соңғы үш чемпионатта жолы болмай жүр. Тіпті, 2014 жылы өз елінде өткен турнирде де мәреге жете алмады. Жартылай финалда Германия құрамасынан 1:7 есебімен жеңілгені әлем футболы тарихындағы ірі оқиғалардың бірі. Дегенмен кеткен есені осы жолы қайтарады деген мамандар пікірі де жетіп артылады.

ТАБЫС ПЕН НАМЫС

Әлем чемпионаты 2018 жылғыеңмаңыздыспорттықжарыс. Әлемнің мықтыдеген32 құрамасы алтын кубоккеталасады. Дегенмен кейбіркоманданыңойындакубоктанбөлекақшалайсыйақытұратыны тағы бар.Олимпия ойындарындағыдай әр елдің федерациялары өз командаларына сыйақы да тағайындайды. Оның үстіне ФИФА-ның беретін ресми бонусы тағы бар.Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) биыл Ресейде өтетін Әлем чемпионатында жеңіске жетсе, әрбір футболшыға 1 млн доллар мөлшерінде сыйақы беруге уәде еткен еді. Оның бір себебі, CBF 2014 жылы өз алаңдарында өткен мундиальдағы жеңіс үшін ойыншылар мен бапкерлерге жалпы 35 млн доллар уәде еткен. Алайда жартылай финалда Германиядан 1:7 есебімен жеңілген Бразилия құрамасы қола медаль үшін ойында Голландияға да жол берген (0:3) болатын. Би­ыл­­ғы бірін­ші­лік­ке Халықаралық футбол қау­ымдастығы 791 миллион доллар тағай­ын­дап отыр. Оның 209 миллионы клуб­тарға, 134 миллионы футболшысы жа­ра­­қат алған командаларға, қалған 48 милли­он доллары жа­рысқа жолдама алған 32 құрамаға 1,5 мил­­ли­оннан бөлініп беріледі. Ал топтық ке­зең­ге қатысқаны үшін барлық командаға 8 мил­ли­оннан қарастырылған. Сонда Ресейдегі чем­пи­онатқа қатысқан барлық команда кем деген­де 9,5 миллион доллар алып қайтады. Ал егер команда өзтобынанплей-оффқашықса,он­датағы да үстеме 4 миллион долларқосылады. Ширекфиналғаөткендергетағы да 4 миллионнан. ЖалпысомадаӘлем чемпионы болғанқұрама команда 38 миллион доллар алады. Жолдама – 1,5 миллион;топтықкезең – 8 миллион; 1/8 финал – 12 миллион; ¼ финал – 16 миллион; 4-орын – 22 миллион; 3-орын – 24 миллион; 2-орын – 28 миллион; чемпион – 38 миллион.ӘлемчемпионатынқабылдапжатқанРесейқұрамасыбұлүстемеқаржыданбөлекмемлекеттарапынан да сыйақыалады.

«TheSun» басылымыныңмәлімдеуінше, егер Англия чемпион болатынболса, 5 миллион фунт стерлинг көлеміндесыйлықалады. Олақша команда мүшелеріне 200 мыңфунттенбөлінетінболады. Британиялықтарчемпионаттыңфавориттеріқатарындажоқжәне чемпион болмағанына жарты ғасыруақытөткен.  Неміс футбол қауымдастығыГермания құрамасычемпиондықатақтықорғапқалса, 8 миллион еурокөлеміндеқаржыберетінболды. Сонда жалпыламаалғанда чемпион атанғанәрбіройыншы – 350 мыңеуро, күміспенкүптелсе – 200, қола медаль иеленсе 150 мыңеуроданалады. Испаниялық AS газеті де ұлттық құраманыңқаншақаржыалумүмкінекендігінжариялады. Испаниялықфутболшыларплей-оффқашыққаныүшінешқандай да үстемеалмайды. Егер команда ширекфиналғашықса,ондаәрфутболшы 30 мыңеуро, жартылайфиналдаойнаса 60 мыңеуро, екіншіорыналса 90 мыңеуро, чемпион болса 125 мыңеуроданиемденеді. Соныменқатариспаниялықтар чемпион болса 90 мыңеуротұратынPatekPhilippeNautilusфирмасыныңсағаттарынқолдарынатағады.  Франция 2016 жылыөзжеріндеЕуропадодасынөткізгенкездеел құрамасыныңәройыншысы чемпион атанғанжағдайда 300 мыңеуроданалареді. Бірақбұлсомағафранцуздарсәлғанажетпейқалды. Енді осы үстемеӘлемчемпионатынаауысты. Үстінетағы 100 мыңеуро қосылды. ЕндіДидьеДешамшәкірттеріРесейжеріндеатойсалып, чемпион атанарболса, 400 мыңеуроданалады.  Бельгия Бельгияқұрамасы осы біріншіліктіңжасырынфавориті. Көптегенмамандар осы ұжым чемпион атаныпкетуімүмкіндепболжапотыр. Футболшылардың да чемпион атануғадегенқұлшынысызор. Әрине,әрфутболшыға 600 мыңеуросыйақытағайындалғансоң, кімқарапқалсын?!

Голландияның zoomin телеарнасы жинақтаған мәліметке сүйенсек, әлем чемпионы атануға таласатын 32 бапкердің ішінде ең көп жалақы алатын – Йоахим Лев. Германия құрамасын12 жыл бойы баптап келе жатқан білікті бапкер жылына 3,8 миллион еуро алады. Ал ең аз жалақы Сенегал бапкеріне төленеді. Алью Сиссе мырза жылына бар болғаны 200 мың еуро алады. Бір айта кетерлігі, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін осы тізімге қосар болсақ, үздік 15-тің қатарынан табылар еді. Себебі бейресми ақпарат көздері Станимир Стоилов мырзаның Қазақстан құрамасын баптағаны үшін бір жылда 1 млн еуродан көп жалақы алатынын жазған болатын. Әлем біріншілігіне қатысуға бағы мен бабы қатар келген бас бапкерлердің жылдық жалақысы да таңдай қақтырды.

ӘЛЕМ КУБОГЫ ҰРЛАНҒАН КҮН

Футбол тарихына көз салсақ 1966 жылғы Әлем чемпионаты тарих беттерінде айшықты орын алады. Әңгіме ойында емес, сол жылғы чемпион кубогы туралы. Чемпионат Англия жерінде өтіп, финалда алаң иелері Германия құрамасын 4:2 есебімен жеңген еді. Турнир басталмастан  үш жарым ай бұрын, Лондондағы Вестминистер сарайында сақтаулы тұрған әлем біріншілігінің кубогы аяқ астынан жоғалды.Турасын айтсақ, әлдекімдер ұрлап кеткен еді. Тәртіп сақшылары аяғынан тік тұрып іздеді. Таппады. Сол кезде жоғалған кубокты тауып берген адамға 5500 фунт стерлинг сыйақы тағайындалды. Оны бейсауат адам емес, 26 жастағы қала тұрғыны Дэвид Корбеттің «Пиклз» атты иті қала шетіндегі бақтан тауып алады.Жыл жылжып, арада жарты ғасыр өткеннен кейін мәселенің мән-жайы ашыла бастаған. Англиялық «Daily Mirror» газетінде осы оқиға қалай өрбігені жайлы мақала жариялады. Кубокты ұрлаған ағайынды бұзақылар екен. Бірақ 1966 жылы 40 жаста болған сол ұры 2005 жылы қайтыс болған. Сол кездегі «Айлалы мырза» деген қылмыстық топтың мүшелері ағайынды Сидни Кугульер (Sidney Cugullere) мен Регер әлемдік турнирді бүлдіре жаздаған көрінеді. Кубокты Сидни ұрлап, кейін ағасына берген. Бұл мәліметті жақында Регердің ұлы Гэри Кугульер жария етті. Оның айтуынша, әкесінің інісі бұл бағалы затты ақша үшін емес, қызық үшін ұрлаған. Ушыға бастаған әлемдік шудан сескенген ағайынды Кугульерлер кубокты сатудан да, тауып беріп, сыйақы алудан да күдер үзеді. Сөйтіп, оны газетке орап, қала маңындағы баққа тастайды. Былайғы жұрт жақсы білетін, жоғалған кубокты иттің тауып алуы осыдан кейін орын алған оқиға. Итінің арқасында Корбетт 6 мың фунт сыйақыға ие болған.

ЕЛДІҢ ҰЛЫ БОЛҒАН ЕРЛЕР

         Бүгінде футбол десе Месси, Месси десе футбол ауызға ілігеді. Аңыз ойыншылардың ізімен жеткен қайталанбас талант (Мессиді «талант» деп атайды жанкүйер)  21-ші Әлем біріншілігінде өрнекті ойын көрсетеді деп болжануда. Росарионың көшесінде өскен бұлдырықтай баланың денсаулығынан кінәрат табылғаны, 11 жасында оның ағзасынан соматотропин – өсу гормонының жетіспеушілігі байқалғаны жайлы жақында мультфильмнің тұсауы да кесілді. Жалпы, футбол жанкүйерлері жақсы көретін Лионель Месси «Барселона» сапында 2004 жылдан бері 637 матч өткізіп, 552 гол соқты.Аргентина құрамасысапында – 147 матч, 80 гол.Ол – әлемнің 2014 жылғы вице-чемпионы.Биылғы Испания чемпионатының маусымы аяқталғаннан кейін «Алтын бутси-2018» жүлдесінің иегері атанды. Аргентиналық шабуылшы бұл маусымда лиганың 36 ойынында 34 рет гол салып, 68 ұпай жинады. Бұл Мессидің мансабындағы бесінші «Алтын бутсиы». Ол бұл марапаттты екі рет қатарынан жеңіп алды. Осыған дейін ол 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары ие болған еді. Осылайша, 30 жастағы ойыншы «Алтын бутсиды» бес рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды. 21-ші әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы «D» тобында Исландия, Хорватия және Нигерия құрамасымен ойнайды. Алғашқы матч 16 маусымда Исландия құрамасымен өтеді.

Әлем біріншілігінің көптеген жанкүйерлері Мұхамед Салахтың саулығын тілеуде. Чемпиондар лигасында жарақат алған футболшы ұлттық құраманың алғашқы ойынына қатыса алмауы мүмкін дейді мамандар. Дәл осы жарақат үшін, египеттік құқық қорғаушы Бассем Бахва мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамосты сотқа беруде деген хабар тараған еді. Әлем чемпионатында Египет «А» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары алаң иесі Ресей, шабуылы жойқын Уругвай және мұсылман бауырлары Сауд Арабиясының құрамасы. Алғашқы ойынды 15 маусым күні Уругвайға қарсы өткізеді. Бұл матч Египедтіңаргентиналық бапкеріЭктор Куперге нағыз сын болғалы тұр. Ал Салах екінші ойынға қатысуы әбден мүмкін.

Ацтектер елінен келетін  Рафаэль Маркес есімі дүниежүзілік доп додасында бес мәрте өнер көрсеткен ойыншы ретінде спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылмақ. 39 жастағы жартылай қорғаушы кезінде Францияның «Монако» және Испанияның «Барселона» клубтарында ойнап, аталмыш командалар сапында талай толағай табысқа қол жеткізген еді. Сонымен қатар, Маркес 2002, 2006, 2010 және 2014 жылдар жалауы желбіреген әлем чемпионаттарында шеберлігімен көзге түскен. Сол байрақты бәсекелерге ол жай ғана қатысып қоймай, команда капитаны ретінде өз әріптестерін жасыл алаңға бастап шыққан.

Биылғы біріншілікке қатыса алмай қалған, жанкүйер күткен ойыншылар да баршылық. Соның бірегейі ПСЖ мен Бразилия құрамасының қорғаушысы Дани Алвес. Алвес Франция кубогының финалында тізесін жарақаттап алды. FOX Sports ақпаратына сүйенсек, бразилиялық қорғаушы әлем чемпионатына дейін айығып үлгермейді. Айтакетейік, Дани Алвес Бразилия құрамасыменбірге Америка кубогы мен Конфедерация кубогынжеңіпалғанболатын. Биыл жазда Ресейдегі әлем чемпионатына бара алмайтын футбол жұлдыздары қатарында Алвестен бөлек, ресейлік Александр Кокорин, француз Лоран Косьельни, ағылшын Алекс Окслейд-Чемберлен бар.

P.S: XXI ғасырдың XXI-ші Әлем чемпионатынан көп жанкүйер өзгеріс күтіп отыр. Бір ойында миллиондардың үміті ақталуы да, аяққа тапталуы да мүмкін. Төрткүл дүниенің адамдарын көк жәшікке телміртер футбол додасының дүбірі келер күндерге де таусылмас әңгіме болары хақ.

Топтық кездесулер кестесі:

«А» тобы

1-тур 14 маусым. Мәскеу, «Лужники». Ресей – СаудАрабиясы. 21:00; 15 маусым. Екатеринбург. Египет – Уругвай. 18:00; 2-тур 19 маусым. Санкт-Петербург. Ресей – Египет. 00:00; 20 маусым. Ростов. Уругвай – СаудАрабиясы. 21:00; 3-тур 25 маусым. Самара. Уругвай – Ресей. 20:00; 25 маусым. Волгоград. СаудАрабиясы – Египет. 20:00;

«В» тобы

1-тур 15 маусым. Сочи. Португалия – Испания. 00:00;15 маусым. Санкт-Петербург. Марокко – Иран. 21:00;2-тур 20 маусым. Мәскеу. «Лужники». Португалия – Марокко. 18:00;20 маусым. Қазан. Иран – Испания. 00:00;3-тур 25 маусым. Саран. Иран – Португалия. 00:00;25 маусым. Калининград. Испания – Марокко. 00:00;

 «С» тобы

1-тур 16 маусым. Қазан. Франция – Аустралия. 16:00; 16 маусым. Саран. Перу – Дания. 22:00; 2-тур 21 маусым. Екатеринбург. Франция – Перу. 21:00; 21 маусым. Самара. Дания – Аустралия. 18:00; 3-тур 26 маусым. Мәскеу, «Лужники». Дания – Франция. 20:00; 26 маусым. Сочи. Аустралия – Перу. 20:00;

«D» тобы1

-тур 16 маусым. Мәскеу, «Спартак». Аргентина – Исландия. 19:00; 16 маусым. Калининград. Хорватия – Нигерия. 01:00; 2-тур 21 маусым. Нижний Новгород. Аргентина – Хорватия. 00:00; 22 маусым. Волгоград. Нигерия – Исландия. 21:00; 3-тур 26 маусым. Санкт-Петербург. Нигерия – Аргентина. 00:00; 26 маусым. Ростов. Исландия – Хорватия. 00:00;

«Е» тобы

1-тур 17 маусым. Ростов. Бразилия – Швейцария. 00:00; 17 маусым. Самара. Коста-Рика – Сербия.18:00; 2-тур 22 маусым. Калининград. Швейцария – Сербия. 00:00; 22 маусым. Санкт-Петербург. Бразилия – Коста-Рика. 18:00;  3-тур 27 маусым. Мәскеу, «Спартак». Бразилия – Сербия. 00:00;  27маусым. Нижний Новгород. Швейцария – Коста-Рика. 00:00;

«F» тобы

1-тур 17 маусым. Мәскеу, «Лужники». Германия – Мексика. 21:00;  18маусым. Нижний Новгород. Швеция – Оңтүстік Корея. 18:00; 2-тур 23 маусым. Ростов. Оңтүстік Корея – Мексика. 21:00;  23маусым. Сочи. Германия – Швеция. 00:00; 3-тур 27 маусым. Екатеринбург. Мексика – Швеция. 20:00; 27 маусым. Қазан. Оңтүстік Корея – Германия. 20:00;

«G» тобы

1-тур 18 маусым. Сочи. Бельгия – Панама. 21:00;  18маусым. Волгоград. Тунис – Англия. 00:00;  2-тур 23 маусым. Мәскеу, «Спартак». Бельгия – Тунис. 18:00; 24 маусым. Нижний Новгород. Англия – Панама. 18:00;  3-тур 28 маусым. Калининград. Англия – Бельгия. 00:00;  28маусым. Саран. Панама – Тунис. 00:00;

«H» тобы

1-тур 19 маусым. Мәскеу, «Спартак». Польша – Сенегал. 21:00;  19маусым. Саран. Колумбия – Жапония. 18:00;  2-тур 24 маусым. Екатеринбург. Жапония – Сенегал. 21:00;  24маусым. Қазан. Польша – Колумбия. 00:00;  3-тур 28 маусым. Самара. Сенегал – Колумбия. 20:00; 28 маусым. Волгоград. Жапония – Польша. 20:00;

 

Соңғы жаңалықтар