«ҰЛЫ ДАЛА БОЯУЛАРЫ»

«ҰЛЫ ДАЛА БОЯУЛАРЫ»

«ҰЛЫ ДАЛА БОЯУЛАРЫ»
ашық дереккөзі
Қазақстанның экологиялық білім беру бағдарламасы шеңберінде балалар арасында өткізілген Республикалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды. Астана қаласындағы Оқушылар сарайында өткізілген «Ұлы дала бояулары» атты республикалық балалар және жасөспірімдер байқауын Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы ұйымдастырды. «Біздің компаниямыз Қазақстанға 25 жыл бұрын, 1993 жылы келді және жас тәуелсіз мемлекетке қолдау көрсеткен, сенім білдірген бірінші ірі батыстық инвестор болды», – деген «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова сурет байқауына балалардың қызығушылығы өте жоғары болғанын айтты: «Көп жылдан бері біздің ірі әлеуметтік жобаларымыздың бірі жас ұрпақты экологиялық құндылықтарға өнер арқылы үйретуге күш салып келеді. Біз бүгін тамашалап отырған суреттерде балалардың қоршаған ортаның сұлулығын, Қазақстан халқының мәдениетін бейнелеуге құштарлығын анық көріп отырмыз». Байқау Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізілген. «Ұлы дала бояулары» аталған байқауда «Менің қаламның  тарихи орындары», «Сіз өз қалаңызды 20 жылдан кейін қалай елестетесіз?», «Менің халқымның рухани мұралары» деген тақырыптар қамтылған. Байқаудың мақсаты – балаларды экологиялық мәселелерден хабардар ету, оларды осы бағытта тәрбиелеу, экологиялық мәдениет пен экологиялық танымдарын көтеру, бейнелеу өнерін насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпақтың шығармашылық әлеуетін көтеру. Кішкентай суретшілер өз туындыларында бейнелеу құралдармен қоршаған әлемді, яғни туған табиғаттың сұлулығын, сүйікті қаласын, сәулеттік жетістіктерін, отанымыз Қазақстанның барлық халқы үшін ортақ шаңырақ екенін көрсетуге, бейбітшілік пен тыныштықты бейнелеуге талпыныпты. Еліміздің барлық аймағын қамтыған көрмеге Қазақстандағы барлық балалар көркемсурет мектептері мен өнер мектептерінен 12–16 жас аралығындағы 200-ден астам қатысушының жұмысы  тапсырылған. Жұмыстарды ҚР Суретшілер одағы мүшелері, өнер қайраткерлері, ҚР еңбегі сіңген суретшілерінен тұратын әділқазы алқасы бағалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауда бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер, мүсін және қыш бойынша шеберлік–кластар ұйымдастырылып, жас суретшілер елорданың әсем де салтанатты орындарымен танысуға мүмкіндік алған және ҚР Ұлттық музейін, «Мәңгілік ел» салтанатты  аркасын тамашалап және т.б. қызықты шаралар жүзеге асырылған көрінеді.