Гиннес кітабына кірген ауызашар

Гиннес кітабына кірген ауызашар

Гиннес кітабына кірген ауызашар
ашық дереккөзі
Дубайда ұйымдастырылған ауызашар дүйім жұрттың есінде ұзаққа сақталатын болды. Себебі  6 шақырымға жайылған дастарқан Гиннес рекордтар кітабына енді. Игілікті шараны Дубай қаласының полициясы ұйымдастырған. Ауызашарға 12 мың 830 адам қатысты. Олардың арасында Үндістаннан, Шри-Ланка, Пәкістан, Қытай, Фи­ллиппин және Азияның бірқатар елінің мұсылмандары бар. Ауызашардағы ас мәзірін 35 мейрамхана дайындап, 500 адам өз еркімен қызмет көрсеткен. Әсіресе, мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер, кәсіпкерлер мен жастар сауапты іске атсалысқанын айта кеткен жөн.