Балалар қауіпсіздігі туралы сайт ашылды
Балалар қауіпсіздігі туралы сайт ашылды
Балалар қауіпсіздігіне арналған сайт ашылды. Енді елімізде ата-аналар www.amansabi.kz ақпараттық ресурсы арқылы бала қауіпсіздігіне қатысты мағлұматтармен таныса алады.
Аталмыш сайтты Астананың тұрғыны Динара Құсайын өзінің жеке бастамасымен ашқан екен. Оның айтуынша, бұл сайтта сәби шақтан 17 жасқа дейінгі балалар қауіпсіздігіне арналған барлық ақпараттар жүктеліп отырады. «Аман сәби» сайтының бастамашысы мұнда аналарға арналған жеке блогын да жүргізіп отырады. Сайт көпшілікке арналған. Әсіресе, ата-аналар, тәрбиешілер мен мұғалімдер, балалар үшін бұл сайт ерекше көмекші құрал болмақ. «Аmansabi.kz» сайтының жұмысына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетеді. Өз жұмысын бастаған сайт алдағы уақытта пайдалы кеңестермен, қажетті ақпараттармен, сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың материалдарымен толыға түседі. Сондықтан, баланың болашағына, қауіпсіздігіне алаңдайтын барша ғаламтор тұтынушылары аталмыш сайттың көмегіне жүгіне алады.