Тұрғын үй бағасы арзандауда

Тұрғын үй бағасы арзандауда

Тұрғын үй бағасы арзандауда
ашық дереккөзі

Елімізде үйдің құны арзандай бастады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Tengrinews.kz» сайты хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарламасында: «Шілдеде тұрғын үйді сатып алу мен сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 15 401-ге тең болды және бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Жалпы 2015 жылғы қаңтар-шілде айларындағы тұрғын үйді сатып алу мен сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға артық, яғни тұрғын үй сатып алу мен сату нарығында жандану үдерісі байқалады», – делінген.

Статистика комиетінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге сенсек, шілде айында Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйлер бағасы 1,2 пайызға дейін арзандапты. Ал жаңа тұрғын үйлерді сату 0,3 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға алу 0,8 пайызға төмендеген екен.

Алматы қаласы өткен айлардың есебі бойынша баспана сатылымы жөнінен алғашқы орында тұр. Одан кейінгі орында Қарағанды мен Оңтүстік Қазақстан облысы болса, алғашқы бестікті Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облыстары түйіндеген. Көш басында тұрған Алматыдағы сатып алу мен сату мәмілелерінің саны – 2001, Қарағандыда – 1667, Оңтүстік Қазақстанда – 1411, Астанада – 1383, Шығыс Қазақстанда – 1277.