13 Маусым, 00:24 305 0 Жаһан Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Дубайдағы ауызашар Гиннес рекордтар кітабына енді

-
-

Биылғы Дубайда ұйымдастырылған ауызашар Гиннес рекордтар кітабына енді, жайылған дастарханның ұзындығы 6 шақырымға созылған.

Бұл жайында Gulf News-ке сілтемемен islam.kz. Дубай қаласының полициясы ұйымдастырған ауызашарда 12 мың 830 адам тамақтанды. Олардың арасында Үндістаннан, Шри-Ланкадан, Пәкістаннан, Қытайдан, Филлипиннен және Азияның бірқатар елінен келіп, нан тауып жүргендердің қарасы көп болыпты. Ауызашарға ас мәзірін 35 мейрамхана дайындап, 500 адам өз еркімен қызмет көрсеткен. Өз еркімен қызмет көрсеткендер арасында мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер, кәсіпкерлер мен жастар бар.

Соңғы жаңалықтар