Алматы әуежайына жаңа басшы келді

Алматы әуежайына жаңа басшы келді

Алматы әуежайына жаңа басшы келді
ашық дереккөзі
«Алматы  халықаралық әуежайы» АҚ Президенті Айбол Бекмұхамбетов өз қызметінен кетті. Бұл туралы әуежайдың Фейсбуктегі парақшасында жарияланды. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2018 жылдың 11 маусымынан Айбол Бекмұхамбетов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті  қызметінен өз еркімен кетті. Айбол Әнуарұлы әуежайды 2009 жылдан бері басқарып келеді. Ол 1962 жылы Ақтөбе қаласында туған, Ақтөбе жоғарғы азаматтық авиация училищесін бітірген. 1983 жылдан ұшқыш-инструктор ретінде еңбек жолын бастаған. Әр жылдары «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарып келген. Оның орнына Алматы әуежайын басқаруға Болат Ержанов тағайындалды. Ол «Алматы  халықаралық әуежайы» АҚ тасымалдауды ұйымдастыру бойынша атқарушы директор қызметін атқарып келген. Б.Ержанов 1966 жылы Павлодар облысында туған. Омбы қаласындағы Азаматтық авиация ұшқыштар техникалық училищесін бітірген. Еңбек жолын Павлодардағы Қазақ азаматтық авиация басқармасында бастаған.