IELTS сатып алғандар оқу ақысын мемлекетке қайтарды

IELTS сатып алғандар оқу ақысын мемлекетке қайтарды

IELTS сатып алғандар оқу ақысын мемлекетке қайтарды
ашық дереккөзі
Жалған IELTS сертификатын сатып алған «Астана медицина» университетінің студенттері оқу оқысын мемлекет қайтарып берді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі. Министрдің айтуынша, ағылшын тілінің біліктілік деңгейін айқындайтын жалған сертификаттарды сатып алған резиденттердің барлығы оқудан шығарылып, олардың кейбірі сот шешеміне сәйкес заңсыз пайдаланған оқу ақысын мемлекетке қайтарды. «Ішкі істер министрлігінің жергілікті департаменттері тергеу жүргізіп жатыр. Біз де өз тарапымыздан тиісті шараларды қабылдадық. Қолдан жасалған немесе міндетті тіркеуден өтпеген сертификаттарды заңсыз пайдаланған студенттердің бәрін оқудан шығарғанбыз. Студенттер болғанда – резиденттер, яғни докторантурада оқитын 100-ден астам азамат. Қазіргі күнде қажетті шешімдер сот деңгейінде қарастырылып жатыр. Ақшаны заңсыз пайдаланғандар ақшаны қайтарды», - деді ол. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі аталған мәселе соттың қарауында екенін атап өтті. «Басқа жағдайлар да сот деңгейінде қаралуда. Ешкім заңнан қашпайды. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз. Бұл студенттердің барлығы оқудан шығарылады», - деп түйіндеді сөзін Елжан Біртанов. Естеріңізге салайық, былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар арызданып, бұл іс бойынша тексеріс жүргізілген еді. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталды. Магистратура немесе докторантураға түсемін дегендерге IELTS сертификаты емтихан кезінде басымдық береді. Сол себепті болар, былтыр көп адам бұл құжатты сатып алып, жарасын жеңілдеткісі келді. Алайда, барлық сынақтан өз күшімен өткендер қалыптасқан жағдаймен келіспеді. Студенттер бұл мәселеге қоғам назарын барынша аударуға тырысты. Нәтижесінде Білім және ғылым министрлігі тексеріс жүргізіп, базада тіркелмеген 117 сертификат бар екендігін анықтады.