Жаңалықтар

Ресейде катамаран мен жүк кемесі соқтығысуынан 11 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Ресейде катамаран мен жүк кемесі соқтығысуынан 11 адам қаза тапты

Ресейдің Волгоград қаласында да қайғылы оқиға болды. Жүк кемесі мен катамаран соқтығысып, салдарынан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды жергілікті Риа Новости агенттігі. Төтенше жағдайлар министрлігі деректеріне сәйкес, катамаранда 16 адам болған. Олардың барлығы Ресей Федерациясы азаматтары. Іздестіру-құтқару шараларына 1400 құтқарушы және тәртіп сақшылары мен Росгвардия қызметкерлері жұмылдырылды. Шара барысында 5 адам құтқарылды. Олардың үшеуі ер кісі және екеуі әйел. Зардап шеккендер қазір ауруханада жатыр. «Жағдайлары бірқалыпты», – деп хабарлады мамандар. Оқыс оқиға қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан болған. Сондықтан Ресейдің тергеу комитеті осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.