12 Маусым, 21:56 447 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

Трамп: Корей түбегі ядролық қарудан бірден тазартыла бастайды 

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Солтүстік Корея басшысымен кездесуден соң Корей түбегін ядролық қарудан тазартыла бастайды. Трамп бұны "үлкен жетістік" деп атады.

Сингапурде сейсенбі күні таңертең АҚШ және Солтүстік Корея басшылары кездесті. Ким Чен Ынмен қоштасу сәтінде АҚШ президенті Дональд Трамп онымен әлі "талай мәрте" жүздесетінін мәлімдеді.

Трамп КХДР басшысын "ерекше әрі өте ақылды" деп бағалаған. "Біз керемет күнді бірге өткіздік, жақынырақ танысып, еліміз туралы көп нәрсе білдік", - деді Трамп.

АҚШ президентінің сөзіне қарағанда, Ким Чен Ын - "өте талантты адам" және "өз елін өте жақсы көреді". Трамп КХДР басшысын Ақ үйге шақыратынын мәлімдеді.

45 минутқа созылған кездесуден соң Трамп пен Ким бірлескен декларацияға қол қойды.

Ким Чен Ын бұл кездесуді "бейбітшіліктің алғышарты" деп бағалаған. Дегенмен ядролық қаруланудан бас тартуы туралы сұрақтарды Солтүстік Корея басшысы жауапсыз қалдырды, деп хабарлады "Америка дауысы".

 

Соңғы жаңалықтар