Полиция Астана күнінде қаңғыбастарды қаладан шығармауға уәде берді

Полиция Астана күнінде қаңғыбастарды қаладан шығармауға уәде берді

Полиция Астана күнінде қаңғыбастарды қаладан шығармауға уәде берді
ашық дереккөзі
Қазақстанның ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өту кезінде қаладан қаңғыбастарды шығаруды жоспарлап отырмағанын, бірақ арнайы қабылдау мекемесіне орналастыратынын мәлімдеді. «EXPO-2017 көрмесі кезінде талқыланғандай, оларды пойызбен не ұшақпен басқа елді-мекенге жөнелту жайы болмайды. Егер олар заңды бұзса, арнайы мекемеге қамалады. Бізде арнайы қабылдау үйлері бар», - деп атап өтті ол. 2017 жылдың маусымында EXPO-2017 халықаралық көрмесі басталар кезде әлеуметтік желілерде Астанадан шығарылған қаңғыбастар жайында видеолар жарияланған еді. Куәгерлер видеоның Ақмола облысы Есіл ауылында, Қостанай облысының Айдарлы ауылында және Қарағандыда түсірілгенін айтқан. Бірақ полиция бұл ақпараттардың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеген. 2017 жылдың желтоқсан айында Астана ішкі істер департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев тұрғындармен есеп беру кездесуінде EXPO алдында қаладан 200 үйсіз қаңғыбас шығарылды деп айтып қалған. Қазақстанда 6 шілде Астана күнін атап өтеді. Бұл дата Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді. Ресми ақпарат бойынша Астананың 20 жылдығын атап өтуге бюджеттен 19 млрд теңге (57 млн доллар) бөлінген.