Мирзияев ШЫҰ аясында жаңа "жасыл дәліздер" ашуды ұсынды

Мирзияев ШЫҰ аясында жаңа "жасыл дәліздер" ашуды ұсынды

Мирзияев ШЫҰ аясында жаңа "жасыл дәліздер" ашуды ұсынды
ашық дереккөзі
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қытайдағы саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ұйымға мүше елдер арасында сауда және көлік байланысын дамыту үшін жаңа "жасыл дәліздер" ашу туралы ұсыныс тастады. Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шавкат Мирзияев ШЫҰ қызметін жетілдіруге, сауда және көлік байланыстарын дамытуға, қауіпсіздікті нығайтуға қатысты маңызды ұсыныстар жасады. "Биыл жыл басынан бері Өзбекстанның ШЫҰ елдерімен сауда көлемі үш есеге артты. Бұл тек басы ғана. Тауар айналымын одан сайын өсіру үшін экспорт-импорт операциялары жұмыстарын жеңілдету керек деп есептейміз", – деді Өзбекстан президенті Ресми мәлімет бойынша, Мирзияев Өзбекстанның Мазари-Шариф – Герат, Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол желілерінің құрылысын қолдайтынын мәлімдеді. Ташкент Орталық Азия - Парсы шығанағы, Солтүстік - Оңтүстік және Шығыс - Батыс трансаймақтық дәліздердің дамуын қалайды. 2001 жылы құрылған саяси және экономикалық ұйымның кезекті саммиті қытайлық Циндао портты қаласында 9-10 маусымда өтті.